Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері жауынгерлік машықтарын жетілдіруде

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері ұшақтан жоспарлы парашютпен секіру жаттығуларын орындауда. Әскери десантшылар 2014 жылғы Әскерлердің жауынгерлік даярлық жоспары аясында әскери-көлік авиациялық техникасынан секіру сынды қабілеттерін жетілдіруде.

Әскери-әуе даярлығының басты мақсаты жеке құрамның тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы кез келген аймаққа орналастыру болып табылады.

Парашютпен жерге секірмес бұрын әскери қызметшілер мұқият даярлықтан өтеді, десанштылармен нұсқаулық сабақтары жүргізіледі, олар офицерлерге сынақ тапсырады және жақсы жабдықталған әртүрлі әуе-десант кешендеріндегі тренажерлерінде жерге қауіпсіз қону бойынша арнайы жаттығулар жүргізілетінін атап өткен жөн.

- Нағыз десантшы парашют жүйесінің материалдық бөлімін, оны басқара білуді, дәлме-дәл секіре алуы тиіс. Бұл қабілет жетік дамытылғанға дейін қайталанады. Осы тәсілдерді үздік орындап шыққандар ғана әуеден парашютпен секіруге жіберіледі, - деді өз кезегінде әуе-десанттық даярлықтың нұсқаушысы Саят Тәбиев.

Жаттығулар сәтті өтті, барлық десантшылар қойлыған тапсырмаларды ойдағыдай орындады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
1059

Осы тақырып бойынша

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері жауынгерлік машықтарын жетілдіруде - Yvision.kz