Өз өмірің өз қолыңда
Бүгінде ел ішінде белең алып тұрған мәселелер көп. Солардың бірі — суицид. Суицид — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Әлемде жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді екен. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Өз өмірін қиюшылардың 8 мыңға жуығы — қазақстандықтар. Иә, Қазақстанда өз-өзіне қол салушылардың саны өте көп. Тіпті, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) берген дерегіне сүйенсек өзін-өзі өлтіру көрсеткіші жөнінен әлемде Литвия мен Оңтүстік Кореядан кейін үшінші орындамыз. Ал егер үшінші орынға көңіліңіз көншімесе өз-өзін өлімге қиған әйелдер жағынан бірінші орында келеміз. Нәзік жандылардың осынша өмірден безіп, өлімге бекінуіне нендей себеп?! Өз-өзін өлімге қиюға себепші болатын қаржылық қиындық, қорқыныш, үрей, махаббат тә…