Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Плей-оффтың екінші айналымына «Барыс» ойынына билеттер сатыла бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 19 наурызда Гагарин кубогын сарапқа салатын плей-оффтың екінші айналымына билеттер сатыла бастайды, деп хабарлады «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметінен.

Плей-оффтың екінші айналымының бірінші ойындары Астанада 21-22 наурызда өтеді. Қазақстандық клубтың қарсыласы ертең,  18 наурызда  уфалық «Салават Юлаев» пен Төменгі Новгородтан «Торпедо» арасындағы шешуші ойында анықталмақ (3:3 есебімен).

19 наурызда абонемент иелеріне ғана билеттер сатылады — олар өздеріне ыңғайлы орынды таңдай алады. 20 наурызда билеттер жаппай сатылымға түседі.

Билеттер құны: 2, 3, 4, 7, 8, 9-секторларда — 2000 теңге; 1, 5, 6, 10-секторларда — 3000 теңге.  Кассаның жұмыс режімі: 11:00-ден 20:00-ге дейін (үзіліс 14:00-ден 15:00-ге дейін). «Барыс» ХК сайтында онлайн билеттер сатылады.

Еске сала кетейік, биылғы жылы «Барыс» өз тарихында алғаш рет Екатеринбургтен келген «Автомобилисті» жеңіп, Гагарин кубогына плей-оффтың екінші айналымына шығып отыр.

 
Басты сөздер: АстанаСпорт
 
0
0
256

Осы тақырып бойынша

Плей-оффтың екінші айналымына «Барыс» ойынына билеттер сатыла бастайды - Yvision.kz