Мазмұнға өту

Жаңа

Тараз қаласында Мамандандырылған «ХҚКО» ашылды!

Құрметті достар! Қадырменді әріптестер!
2013 жылдың 20 желтоқсан күнінен бастап Тараз қаласынында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Орталық Жол полициясының "Тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік белгіні бере отырып, автокөлік құралын тіркеу", "Жүргізуші куәлігін дайындау және беру" мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар, Жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау жүргізіледі. Мамандандырылған "ХҚКО-ның" көлік жүргізу орнында автокөлікті жалға ала отырып жүргізуді үйретуге болады.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Тараз қаласы, Төлеби көшесі 198 үйде орналасқан.

2
0
748

Премьера музыкально-юмористического шоу «Астана кеші көңілді»!

В субботний вечер на телеканале «Астана» вас ждёт незабываемый отдых! Красивая музыка в исполнении любимых звёзд отечественной эстрады, выступление известных артистов в совершенно новом амплуа, искромётный юмор ведущих - КВНщика Нурдаулета Шертим, солистки группы Кешью - Жанар Дугаловой, актрисы и певицы - Аккенже Алимжан.

 

Время выхода в эфир: в субботу 22 марта в 21:20

Повтор: воскресенье 23 марта в 19:15​

 
0
0
547

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 18 наурыз)

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұратуы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен «Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты» АҚ-ның бүрынғы бас бухгалтері Елена Данилова экстрадицияланды, ол 14 миллионнан астам теңгені ұрлады деп айыпталуда.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/baspasoz-akparaty-astana-k-2014-zhylgy-18-nauryz

0
0
259

Жаратқан Аллам «Тәубе деп, басайық, әр қадам» (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Кінәлауға, біреуді, сен асықпа,

Сынаймын деп, кінәләрін санама.

Қайдан білдің, жүрегінде мың жара,

Удай ашып, тұрған шығар, жылауда.

 

Мұңын шағып, жылап саған, келгенде,

Итерме оны, тыңда, сен күлме.

Жұбата алсаң, жұбат оны сенімде,

Теріс бұрылып, қолды сілтеп, сен кетпе.

 

Бәрімізде, бір Аллаға сенеміз,

Көмек сұрап, жаратқанға, келеміз.

Біз жылаймыз, жасырқаймыз, пендеміз,

Жақсы болсақ, ұмытамыз, кетеміз.

 

Сүйген құлына, сынақ береді, Алламыз,

Шыдай алмай, біз қалжырап, жатамыз.

Айтушы еді, біздің ата – бабамыз,

Ұмытпаңдар, сенім бізге, ол парыз.

 

Қиындыққа, шыдау керек төзіммен,

Аз болсада, қанағат деп, сабырмен.

Біреу жатар, сененде кем, үйімен,

Күш қуаты, кетіп бүгін, жүдеумен.

 

Қарап тұрсаң, сененде кем, біреу бар,

Зағиптарда, саған қарап, мың айтар.

Сұрайды екен: «Мен өмірге, төзе алам,

қол, аяқты, бере гөрші, тек Аллам»

 

Бірақ себеп, жолды ашу, бүгін бар,

Бұл шыдамдық, сенімдегі армандар.

Сол иманда, барлық бақыт, сенсең бар,

Бір Алласыз, өмір түнге, оралар.

 

Күш қуатың, болып тұрып бойыңда,

Ұрып жықпай, ұрысқанды, сен тыңда.

Ауыр сөзді, сабырлықпен, жапқанда,

Ұмытылмас, атың қалар, жалғанда.

 

Байлықты, беріп бүреуге,

Талайды, Алла сынайды.

Жоқтықты, беріп біреуге,

Иманмен, жанын қорғайды.

 

Жаратқан Аллам бермейді,

Көтере алмас, сынақты.

Сенсең, желеп, жебейді,

Қолыңа төгіп, бақытты.

 

Алыстап, кетпейік Алладан,

Кетпесін, терең ой, санадан.

Жарықты көріп, жағадан,

Тәубе деп, басайық, әр қадам.


0
1
1731

ҚР Қорғаныс министрінің кубогы үшін дзюдодан ашық республикалық турнир аяқталды

Семей қаласында ҚР Қорғаныс министрінің кубогы үшін дзюдодан ашық республикалық турнир өтті. Турнирге ҚР Қарулы Күштері әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери оқу орындарының, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, сондай-ақ облыс пен республика қалаларының спортшылары қатысты.

Сайысқа әртүрлі салмақ дәрежесіндегі спортшылар түсті: ерлер арасында 60 кг жоғары басталса, әйелдер арасында 48 кг басталды. Жүз килограммнан жоғары салмақ салмақ дәрежесінде ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасынан Айбек Нұғмаров абсолютті чемпион атанды, қыздар арасында – Шымкент қаласының өкілі Зарина Әбдірасылованың бағы жанды.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының күрескерлері бірінші орынға шықты. Екінші орыннан Шығыс Қазақстан облысының командасы көрінсе, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары үшінші орынды иемденді.

- Әр қазақстандық үшін салауатты өмір салты өмір сүру үлгісі болып қалыптасуы тиіс деп есептеймін. Дене шынықтыруды белсенді түрде насихаттай отырып, біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, туған халқы мен жерін сүюге тәрбиелейміз, - деп атап өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
549

26 наурыздан бастап «Үйлесім сабақтары» фильмі Францияда көрсетіле бастайды

ҚазАқпарат, 17.03.2014

Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Үйлесім сабақтары»  фильмі 26 наурыздан бастап Франция кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетерлігі, бұл туынды өткен жылдың 26 қыркүйегінде Австрия, 6 наурызда Португалия кинотеатрларында көрсетілген еді.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Эмир Байғазиннің «Үйлесім  сабақтары» фильмі Базель қаласында мамырдың 29-ы мен маусымның 2-і аралығында өткен «Bildrausch Film Fest Basel» атты Халықаралық кинофестивалінде үздік деп танылып, фильмнің аты мен жас режиссердің есімі жазылған сақинамен марапатталды. Аталған кинотуынды өткен жылдың басында қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Күміс аю» жүлдесіне және немістің ірі «Morgen Post» газеті тағайындаған арнайы сыйлыққа қол жеткізген.  Сондай-ақ,  «Үйлесім сабақтары» фильмі Нью-Йорк қаласында өткен Трайбека фестивалінде «Ең үздік режиссерлік дебют» атты арнайы дипломмен марапатталды.

Жалпы, аталған фильм 50-ден астам кинофестивальге қатысып, 25-тен астам жүлдеге ие болған.

0
0
336

Көлік қызметі көңілімізден шықпай жүр


Соңғы уақытта қаламыздағы қоғамдық көліктердің мәдениеті жиі сынға алынатын болды. Қала халқының наразылығына қоғамдық көліктердің бірнеше кемшілігі себепкер. Мысалы, автобустардың белгіленген уақыттан кешігіп келуі, бір бағыттағы маршруттардың жарысып жүруі, автобус кондукторларының мәдениеті, белгіленбеген аялдамаларда 3-4 минуттап тұруы.

"Алматы транспорт" порталының мәліметіне сүйенер болсақ, автобустардың жүру кестесі мұнтаздай тәртіппен реттелген. Ал, шын мәнінде қоғамдық көліктердің қозғалысын күнделікті автобус күткен адам ғана білер. Жұмысына үйінен қала орталығына автобуспен қатынайтын Алматы қаласының тұрғыны Айнұр Асанбаева ханымның пікіріне құлақ түрсек:

-         Бір аптаның ішінде жұмысыма мен кем дегенде екі рет кешігіп баратын шығармын. Қайта шағын ұжым болғандықтан, басшылар бұған түсіністікпен қарайды. Таңертең ертемен лықа толған автобуста қысылып баратынымыз аздай, кешке қарай автобус жүргізушілердің өзара жарысында жанымызды шүберекке түйіп отырамыз.

Иә, автобустың өз кестесі бойынша жүрмейтіні ғана емес, проблемалардың бұдан да көп екенін күнделікті қоғамдық көлікпен қатынайтындардың пікірін есту барысында білдік. Айлық жол жүру билетін қолданатын студент Жанат Мырзабекова:

-         Мен үшін автобустың өз уақытында келмейтіні жаңалық емес. Қажет болса бірнеше автобус ауыстырып үлгеруге тырысамын. Сол үшін де жол жүру билетін алғанмын. Ал бұл ісім кондукторларға мүлде ұнамайды. Жол жүру билетін көргеннен-ақ, тегіннен тегін орын алып келе жатқандай жақтырмаушылықпен бас-аяғыңа қарап өтіп, түсіріп тастағанша асығады.

Осындай қарама-қайшылықтардың себебін нақты муниципалды автобус әкімшілігінен сұрап білгенді жөн санап, хабарласқанымызда:

-         Біз автобус жүрісін үнемі қадағалап отырамыз. Кейбір кемшіліктерді түзетуге жұмыс жасап жатырмыз. Алматының 2 миллион халқының барлығының көңілінен шығу мүмкін емес! – деген жауап алдық.

«Жол мұраты – жету» ғана емес, өркениетті заманда қызмет көрсетудің бұл түрі мәдениет талабына сай болғаны дұрыс емес пе?! Алматыдай мегаполисте жолаушылар үшін басты көлік саналатын автобустың қатынауы мәдениет деңгейіне сай келмейді. Осыны реттеу механизмін қолға алатын іскер басшылар, қала әкімдігі тым болмаса айына бір рет автобусқа мініп, өз көзімен көрсе екен деген ой келеді...

 
2
0
550

В Костанае прошел форум женщин-предпринимательниц «Ақ маржан»


В форуме приняли участие сотрудники областного филиала фонда «Даму». Инициатором его проведения стала региональная Ассоциация деловых женщин Костанайской области.
Менеджер по программам повышения компетенций костанайского филила фонда Асель Казакова приняла участие в дискуссионной площадке, которая была проведена между бизнес-леди и гостями форума. Было задано немало вопросов по программе «Дорожная карта бизнеса-2020». Многих заинтересовали программы обучения предпринимателей, получение бесплатных консультационных услуг в Центре обслуживания предпринимателей. Перед участниками форума также выступили председатель областной Палаты предпринимателей, представители различных общественных организаций, банков.
Еще одним поводом встречи стало оглашение результатов конкурса среди женщин-предпринимателей «Ак маржан». Участие в нем приняли 50 бизнес-леди. В их числе шесть глав крестьянских хозяйств, 15 индивидуальных предпринимателей, занятых в сфере обслуживания, общественного и детского питания, 10 торгово-закупочных фирм, 19 занятых бизнесом в различных сферах. Причем 26 участниц из Костаная и 24 имеющих свое дело на селе. Победителями стали 10 женщин – предпринимателей со всего региона.
Владелица крестьянского хозяйства из Мендыкаринского района Раиса Беккер стала одной из победительниц конкурса. Ей посчастливилось попасть в 2013 году на бизнес-стажировку в Германию в рамках второго этапа проекта «Деловые связи».
http://www.damu.kz/15490

0
0
467

«Қарағанды жері шабытыма шабыт, қуатыма қуат қосты» — Олимпиада жүлдегері Денис Тен

АСТАНА. ҚазАқпарат- Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін Қарағанды облысында болды.

Атақты спортшы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев бастаған республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамына енген.

«Қарағандыға мен осымен екінші рет келіп отырмын. Өкінішке қарай, соңғы кездері Қазақстанда сирек боламын. Өйткені уақытым жоқ. Әдетте шаруалармен Алматыға немесе Атырауға келіп кетуші едім. Міне қазір, сәті түсіп Қарағандыға да келдім. Өте қуаныштымын. Алда әлі талай кездесулер болады деген үміттемін», — деді Денис Тен Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевпен кездесуінде.

Ал аймақ басшысы өз кезегінде Денис Теннің бұл сапарына ризашылығын білдіріп, қарағандылықтар атынан оны Олимпиаданың жүлдегері атануымен құттықтады.

«Сіз бүгін таңертең Теміртауда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ комбинатында болдыңыз, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс істеген домна пешін көрдіңіз. Бұл сізге алдағы спорттық жолыңызда жаңа күш-қуат береді деген үміттемін, — деді Б. Әбдішев.

«Иә, бұл тарихи орын. Әрине, тәнті болдым. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев нағыз еңбектің қандай болатындығын жақсы біледі ғой. Мен Елбасымыздан үлгі алуға тырысамын», — деді Денис Тен.

Ол сонымен қатар, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының экспозициялары да ерекше әсер еткенін жеткізді.

«Бұл ерекше өңір, талай спорт өрендері туып өскен жер, — деді Д.Тен, — Қарағанды жері күшіме күш, шабытыма шабыт қосып жатыр!».

Бағдарлама бойынша Денис Тен Қарағанды облысында студенттермен және жас спортшылармен кездесу өткізеді.

 
0
0
395

Самбодан төрт дүркін Әлем чемпионы Е.Байбатыров Жапонияда өтетін додаға қатысады

ОРАЛ. ҚазАқпарат — БҚО ішкі істер департаменті жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Ерболат Байбатыров биылғы қараша айында Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ерболат жуырда Талдықорған қаласында ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатында 57 келі салмақта үздік шығып, жолдаманы жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары Моңғолияда өтетін Азия, Жапониядағы әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, Е.Байбатыров — самбодан төрт дүркін әлем чемпионы және әлем кубогінің иегері.

 
Басты сөздер: Спорт
 
0
0
253