Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Ақтау және Атырау гарнизондарындағы әскери бөлімдерді тексерді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Ақтау және Атырау гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерді жоспарлы тексеру жүргізді.

Жұмыс барысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының кешенді комиссиясы бөлімдер жауынгерлік әзірлігінің, қару-жарағы мен әскери техникасының, оқу-материалдық базасының, жасақталуының жай-күйін, жеке құрамның жауынгерлік машықтануын тексерді. Әскерлер қызметіне, әуе кеңістігін күзету бойынша жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуы мен атқарылуына ерекше назар аударылды. Мұнда жойғыш авиация, зениттік зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелер еліміз әуе кеңістігінің күзетін қамтамасыз етуде. Басқолбасшы салынып жатқан инфрақұрылым нысандарындағы жұмыстың барысымен, авиация базасы штабының және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы басқа да әскери объектілерінің құрылысымен танысты.

Сондай-ақ комиссия мүшелері әрбір бөлімде болып, жеке құрам қызметінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты және тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен командирлердің құқық тәртібі мен әскери тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін, моральдық-психологиялық ахуалды бағалады.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің шалғайдағы әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асырудан шет қалмай отырғанын атап өткен жөн. Жұмыс сапары барысында Ақтау және Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінде «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудың негізгі ережелерін жеткізу және түсіндіру ұйымдастырылды.

Жұмыс соңында авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталып өтті.

Жұмыс қорытындысы бойынша ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Ақтау және Атырау гарнизондары әскери бөлімдері жеке құрамының қызмет пен жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруына оң баға берді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
839

Осы тақырып бойынша

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Ақтау және Атырау гарнизондарындағы әскери бөлімдерді тексерді - Yvision.kz