Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халыққа қызмет оңтайландырылуда!

Еліміздің аумағында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 6-шы қыркүйегінде «ХҚКО» шаруашылық құқық жүргізудегі РМК-ны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барып мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасау туралы регламенті» бекітілді.

Аталған регламент негізінде «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық және аудандық бөлімдерінде облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар басқармасы мен облыстық мүгедектерімен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігімен жасалған үш жақты меморандум негізінде шақар тұрғындарына үстіміздегі жылдың 1-ші қазанынан бастап мемлекеттік қызмет көрсетіле бастады.

Аталмыш жоба негізінде облысымыздың 1 және 2 топтағы мүгедек азаматтары «1414» телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін) Бірыңғай байланыс-орталығына хабарласып мемлекеттік қызмет түрлері бойынша сапалы кеңес алу мен мемлекеттік қызметті пайдалану туралы тапсырыс бере алады.

1
0
416

Осы тақырып бойынша

Халыққа қызмет оңтайландырылуда! - Yvision.kz