Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тараз қаласында Мамандандырылған «ХҚКО» ашылды!

Құрметті достар! Қадырменді әріптестер!
2013 жылдың 20 желтоқсан күнінен бастап Тараз қаласынында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Орталық Жол полициясының "Тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік белгіні бере отырып, автокөлік құралын тіркеу", "Жүргізуші куәлігін дайындау және беру" мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар, Жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау жүргізіледі. Мамандандырылған "ХҚКО-ның" көлік жүргізу орнында автокөлікті жалға ала отырып жүргізуді үйретуге болады.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Тараз қаласы, Төлеби көшесі 198 үйде орналасқан.

2
0
702

Осы тақырып бойынша

Тараз қаласында Мамандандырылған «ХҚКО» ашылды! - Yvision.kz