Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне байқау жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Теннис федерациясы мен Чехияның Lasvit компаниясы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастықтың басталуына Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы студенттері арасында Теннистен өтетін халықаралық турнирдің — Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне арналған байқау өткізу түрткі болды.

ҚР Теннис федерациясының ақпаратына қарағанда, Қазақстан Президенті кубогы жылсайын әлемнің 20 елінің үздік теннисшілерінің басын қосады. Сайыстың жүлде қоры да Азия аумағында ең қомақы  болып есептелінеді.  Турнирдің жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды.

Байқауға ұсынылатын жобалар ағымдағы жылдың 18 сәуіріне дейін табыс етілуі тиіс. Үздік үштіктің есімдері 28 сәуірде белгілі болады. Ал байқау жеңімпазы Чехиядағы Lasvit зауытында болып, кубоктың дайындалуына тікелей атсалысады.

   
Басты сөздер: Спорт
 
0
0
220

«Ганновердің» бұрынғы футболшысы «Астанаға» келуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат — Болгариялық басылымның хабарлауынша, Чавдар Янков таяу арада елордалық клубтың ойыншысы атануы мүмкін. Болгария құрамасының 29 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Қазақстаннан бүгінде жерлесі Атанас Курдов өнер көрсетіп жүрген «Астана» футбол клубына келу туралы ұсыныс алған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Янков Болгарияның қазіргі чемпионатында «Славия» құрамында 16 матч өткізіп, төрт гол салған. Жас футболшы спорттық мансабының басым бөлігін Германияда өткізіп, «Ганновер» мен «Дуйсбург» командаларында өнер көрсеткен. Жалпы,ол  Болгария құрамасында 39 матчқа қатысты.

Айта кетерлігі, «Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян жаңа ойыншылар қабылданбайтынын және командадағы жеті легионердің орны толық екенін айтқан болатын. Бұған қоса, қазір клуб Қазақстан азаматы атанғысы келетін серб спортшысы Ненад Эричтің азаматтық мәселесін шешіп жатыр.

 
Басты сөздер: Спорт , Астана
 
0
0
548

Бойжеткендер арасындағы әлем чемпионаты

Ертең Польшада шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Онда Қазақстан бойжеткендері де сынға түседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Бірден айтайық, бұл – 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы електік сыны. Түсінікті болу үшін таратып айтар болсақ, әлем чемпионатының екінші, тіпті ең төменгі – тобы. Бұдан жоғары бірінші топ бар, ал одан әрі – жоғары дивизион.

Қазақстан қыздары бірнеше жыл болды, осы електік сыннан бірінші топқа да көтеріле алмай жүр. Шындығын айтуымыз керек, біздің елде жас қыздар тым аз. Бәсекелестік жоққа тән. Біле білсек, осы жас мөлшерінде Қазақстан қыздар құрамасын толық құрамда жасақтаудың өзі мұң…

Негізі, електік сынға қатысу үшін құрама сапында 18 ойыншы, екі қақпашы болуы керек. Ал біздің бойжеткендер құрамасы сапында биыл – 17 ойыншы, 2 қақпашы. Бұған да шүкір деп отырмыз. Себебі 2012 жылы Ұлыбританияда өткен бірінші дивизионның електік додасына біздің құрама 15 бойжеткенмен ғана барған.

Қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы електік сынында алты құрама додаға түсіп, бірінші дивизион жолдамасына таласады. Електік сында Қазақстан қыздарымен бірге Австрия, Италия, Польша және Қытай бойжеткендері бақ сынайды.

Қазақстан қыздарының ойындар күнтізбесі төмендегідей (Астана уақытымен):

19 наурыз, 21:30 Қазақстан – Польша
20 наурыз, 21:30 Қазақстан – Австрия
22 марта. 18:00 Қазақстан – Италия
23 марта. 21:30 Қазақстан – Қытай

18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының сапы:

қақпашылар – Татьяна Можаева, Диана Ткаченко (екеуі де – «Айсұлу»);

қорғаушылар – Мадина Тұрсынова, Софья Кузнецова, Ева Богдашова (бәрі де – Спортқа дарынды жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, Алматы), Лейла Морозова, Марина Попова, Александра Феклистова (бәрі де – «Устинка», Өскемен);

шабуылшылар – Пернеш Әшімова, Аида Олжабаева, Малика Алдабергенова, Валерия Сидоренко (бәрі де – СДЖБСМ), Әлия Қалиула, Карина Фельзинк Надежда Филимонова, Татьяна Лихаус (бәрі де – «Айсұлу»), Эльвира Рамазанова, Валерия Каменская, Ксения Бушуева (бәрі де – «Устинка»).

Бас бапкер – Сергей Соловьев
Жаттықтырушы – Ирина Могильникова

Тектес:Хоккей
Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Хоккей

Толығырақ:
http://kaz.tengrinews.kz/hockey/boyjetkender-arasyindagyi-alem-chempionatyi-2120/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
 
0
0
568

«Барыс» спорт клубы жеткіншектерге белбеу тапсырды

Алматыда «Барыс» таэквондо клубы өрімдей жас спортшыларын аттестациядан өткізіп, белбеу тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

«Барыс» таэквондо клубының бұл рәсімінде жас бүлдіршіндерден бастап, жасөспірімдерге дейін аттестациядан мүдірмей өткендер сары белбеуден қара белбеуге дейін иеленді. Барлығы 110 жеткіншек өз шеберліктерін паш етіп, олардың ішінде үшеуі қара белбеу иегері атанды. Басым көпшілігі – халықаралық додаларда жүлдеге ілігіп жүрген өрімдей қазақ жастары.

Жалпы, «Барыс» таэквондо клубы (орталығы) 2008 жылы құрылған. Орталықтың құрылу мақсаты – таэквондоның біздің елдегі даму барысына үлес қосу және Қазақстан құрамаларына жоғары деңгейлі спортшылар дайындап отыру. Бұл орталықтың президенті – елімізге танымал спорт қайраткері Амалбек Тшанов. Жақында вице-президенті ауысып, бұл қызметке Рүстем Тұрғанбаев бекітілді.

Қазіргі таңда орталықтың құрамында жасы бар, ендігі бұғаналары бекіп, халықаралық додаларда жүлдеге ілініп жүргендері бар, яғни деңгейлері әр түрлі 500-ге тарта спортшы бар. Барлығы дерлік – қазақтың қара домалақ ұл-қыздары. Оларға 12 бапкер шығыс өнерінің осы түрін үйретіп, қыр-сырына қандыруда. Осы бапкерлердің төртеуі жоғары дәрежелі маман да, біреуі – халықаралық деңгейдегі төреші. Бұл клубтың жас таэвондошылары орталықтың іргесі қаланғалы бері республикалық және халықаралық додаларға қатысып, бапкерлерін көңілге қонымды нәтижелерімен қуантып жүр.

Кезінде қазақ топырағына марқұм Мұстафа Өзтүрік әкеліп, «дәнін» сепкен спорт түрі осыдан бірер жыл бұрын жаңа бір орталықпен толыққан екен. Сол клуб жабылып қалмай, қазақтың қарадомалақтарын осы бір шығыс өнеріне абыроймен баулып жүр. Әрі мұнда ай сайын төленетін жаттығу (дәріс) бағасы да – едәуір төмен.
Өз кезегімізде, «Барыс» таэквондо клубы бапкерлеріне еңбектеріңіз жемісін беріп, бейнетеріңіздің зейнетін көріңіздер демекпіз.

Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Спорт    
 
0
0
458

УЕФА мен ФИФА «Газпромның» Еуропадағы футбол клубтарына ықпалын шектеуі мүмкін

Жексенбі күні Қырым тұрғындарының Ресейге қосылуына байланысты дауыс беру өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша, дауыс бергендердің 97% -ы идеяны қолдады. Бірақ, батыс елдері бұл саяси жағдайға көңілдері толмай, референдумды ешқашан мойындамайтындығын айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

The Telegraph басылымының хабарлауынша, УЕФА мен ФИФА Ресейдің мұндай қадамы үшін түрлі шаралар қолдануы мүмкін. Атап айтар болсақ, бұл ұйымдардағы футбол шенеуніктері 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем біріншілігінен бас тартуы ықтимал.

Сонымен қатар «Газпром» компаниясы демеушілік ететін шығыс Еуропа клубтарын УЕФА аясында өтетін турнирлерден шеттетуі мүмкін. Мысал ретінде «Газпром» компаниясымен келісім-шарты бар германиялық «Шальке» командасы айтылуда.

Еуропарламент бұл команданың жетекшілеріне Бундеслиганың 25 туры аясындағы «Аугсбургқа» қарсы кездесуде жейдесіндегі «Газпром» компаниясының жарнамасын алып тастауды сұраған. Бірақ, команда жетекшілері компаниямен нақты келісім-шарт жасалғандықтан, алып тастауды жөн көрмеді.

Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Спорт
 
0
0
455

Музыкально-юмористическое шоу «Көктем күлкісі»!

Смех – лучшее средство от весеннего авитаминоза! Свежая порция юмора от Кентау-шоу в музыкально-юмористической программе «Көктем күлкісі»! Концерт с участием популярных артистов разговорного жанра и эстрадных исполнителей пройдет в эфире телеканала Астана 22 марта в 13:00.

Повтор, в воскресенье 23 марта в 21:20.

 
1
0
1136

СҚО полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

СҚО полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. «BNews.kz», 19.03.2014ж.
Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17-19 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Шараға 966 полиция қызметкері, жүзден астам әскери қызметшілер мен 74 полицияның қоғамдық көмекшілері тартылған. Олар наурыз мерекесі қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс атқарады.

«Шараның алғашқы күнінде 533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 45-і ұсақ бұзақылық, 255-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактісі. Сонымен қатар ішімдік ішіп көлік басқарған 15 жүргізуші ұсталды, бір жүргізуші есірткі затын қабылдап көлікке отырған, 18-і жылдамдықты шамадан тыс асырған. Көші-қон полициясы мен учаскелік инспекторлар еліміздің көші-қон заңнамасының бұзылуына қатысты 50 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады», - деді департаменттің баспасөз қызметінің өкілі О.Шиян.

СҚО ІІД басшысының орынбасары полиция полковнигі Серік Ыдырысов полиция қызметкерлері мереке күндері қоғамдық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы үшін күшейтілген режимде жұмыс істейтінін атап көрсетті.

0
0
497

ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. «BNews.kz», 19.03.2014ж.
ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып «Жолда қабылдау» акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Акцияға қатысушылар «Өскемен - Самар-Күршім» бағдары бойынша микроавтобуспен Кокпекті және Күршім аудандарына жолға шықты. «Жолда қабылдау» мобильді тобын ШҚО ІІД ӘПБ бөлімінің басшылығы мен «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков басқарды», - деп көрсетілген хабарламада.

Осы шараға облыс бойынша «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінін 35 өкілі, 35 ішкі істер органдары ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко ауыл тұрғындарына ағымдағы жылдан бастап «Өскемен-Самар» сияқты облыстық автожолдардында автопатурльдер жұмыс істей бастағанын айтты. Осыған дейін жол-патрульдік полициясы бастальоны республикалық маңызды жолдарда ғана қызмет ететін.

Күршім ауданының тұрғындары жергілікті полиция бөліміне тіркеу-емтихан бөлініс қызметкерін енгізуді сұрады. Полиция өкілдері аталған ұсынысты қарастыратынын айтты.

Акцияны өткізу барысында әкімшілік полициясының кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды, онда мамандар жол козғалысының қауіпсіздігін камтамасыз ету және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес бойынша тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындарды қызықтырған сауалдардың көбі қазір Парламентте қарастырылып жатқан «жол жүрісі туралы» заңға қатысты қойылды. Барлығы акция барысында ШҚО тұрғындарынан 157 өтініш түсті.

Акцияны өткізу барысында әкімшілік полициясы кызметкеі туралы азаматтармен сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 1021 респондент қатысты, оларға парақшалар мен жаднамалар ұсынылды.

0
0
391

Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды.

Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды. «BNews.kz», 19.03.2014ж.
Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды, деп хабарлайды BNews.kz Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттерді уақытылы ескертуді және жолын кесуді қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың 21-25 наурызы күндері аралығында қызмет көрсетудің күшейтілген тәртібіне көшіріледі», - делінген ақпаратта.

Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Сапар Шерьяздановтың айтуынша, қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданбақ.

0
0
318