Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті табиғатты пайдаланушылар! «Жасыл даму» АҚ«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы...

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-ө  бұйрығы ( бұдан әрі – Бұйрық) 2014 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жарияланды (ҚР ӘМ 2014 жылдың 1 сәуірінде тіркелген).
Қазіргі уақытта «Жасыл даму» АҚ парниктік газдар шығарындыларына бастапқы квота бірліктерін іске асыру шеңберінде сауданы бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Бұйрықтың 9-тармағына сай,«Квоталар бірліктерінің қолданыста және айналымда болу мерзімі олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспарының әрекет ету кезеңі бойынша есеп беру күні біткеннен соң тоқсан жұмыс күнімен шектеледі», демек сол уақыт ішінде табиғатты пайдаланушыларға квота бірліктерін іске асыру және иелену бойынша операциялар жүргізу мүмкіндігіне қосымша уақыт бөлінген.

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-ө  бұйрығы ( бұдан әрі – Бұйрық) 2014 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жарияланды (ҚР ӘМ 2014 жылдың 1 сәуірінде тіркелген).
Қазіргі уақытта «Жасыл даму» АҚ парниктік газдар шығарындыларына бастапқы квота бірліктерін іске асыру шеңберінде сауданы бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Бұйрықтың 9-тармағына сай,«Квоталар бірліктерінің қолданыста және айналымда болу мерзімі олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспарының әрекет ету кезеңі бойынша есеп беру күні біткеннен соң тоқсан жұмыс күнімен шектеледі», демек сол уақыт ішінде табиғатты пайдаланушыларға квота бірліктерін іске асыру және иелену бойынша операциялар жүргізу мүмкіндігіне қосымша уақыт бөлінген.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/102-87/

0
0
498

Жастарға ақ жол тіледі.

Жастарға ақ жол тіледі. «Айқын», 09.04.2014ж.
Алматының іргесіндегі Қарасай ауданында Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен полиция ардагерлері мен жас полицейлер слеті болып өтті. Сондай-ақ алқалы жиынға Ішкі істер министрлігінің өкілдері, облыс бас полицейінің орынбасарлары мен ардагер сақшылар және таяуда полиция органдарына қызметке алынған жастар қатысты.

Жиынды ашқан Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұрат Құмарбековтың айтуынша, соңғы жыл­дары облыс бойынша полиция қызметкерлерінің сапын 350-ден астам жас қызметкерлер толықтырыпты. Олардың басым көпшілігі – елі­міздің ІІМ қарасты жоғары оқу орындары мен аймақтағы полиция мектептерін бітірген жастар.

– Біздің басты мақсатымыз – қатарымызға келіп қосылған жас­тарға полиция ардагерлері арқылы тәлім-тәрбие беру. Бүгінгі алқалы жиын осындай мақсатта ұйымдастырылып отыр. Менің ойымша, ардагерлер айтқан ақыл-кеңестерді тыңдап, олардың тәжірибелерін өз қызметінде қолдана білген әрбір жас полицей ұтпаса, ұтылмай­-тыны анық. Сондықтан іске сәт! – деп жас полицейлер слетіне қатысу­шыларға ой-пікірін жеткізді. Одан соң «Ішкі істер органдары жас қызметкерлеріне қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырудағы кадрлық аппараттың рөлі» деген тақырыпта баяндама жасаған Талды­қорған қалалық ІІБ бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ермек Егінбаев:

– Патриотизмнің түп-тамыры ұлттық идеологияда жатыр. Ал қазақстандық патриотизм қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштікпен, қазақстандық ұлтаралық татулықпен тығыз байланысты. Ұлттық идеология сол елде өмір сүріп жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі мен діні тарихынан туындайтын көзқарас. Десек те, қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбас­таушысы болуы тиіс. Оған, негізінен, қазақ азаматтары әсіресе, жастар атсалысуы, көш бастауы керек. Егер патриотизмді отаншылдық дейтін болсақ, бұл – жастарымыздың елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезінуі деген сөз. Бұған қоса, жастар еліміздің экономикалық және қоғамдық өмірінің барлық салаларына қатысуы арқылы қоғам­ның болашағы зор, маңызды бөлшегіне айналуда. Тәуелсіздік жылдары қоғамға жаңа көзқараспен қарайтын жастар легі өмірге келді. Қазір жастар еліміздің даму және демократиялық жаңару үрдістеріне белсене қатысуда. Алайда дамыған қоғам адамға және оның жеке басына, кәсіби қасиеттеріне жоғары талаптар қоюда. Демек, қазіргі заман ма­маны өз кәсібінде, ғылымда да жаңашыл ғана емес, көшбасшы бола білуі тиіс. Болашақ жастардың қолында! Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел азаматы. Сондықтан Алматы облыстық ІІД басшылығы осындай ал­қалы жиын ұйымдастырып, қатарымызға қосылған жастарымызға ардагерлердің ақыл-кеңестерін тыңдатып қана қоймай, оларға ақ жол тілеп, аға аманатын жеткізуді мұрат тұтып отыр. Сондықтан депар­тамент басшылығы сіздерге әрдайым сәттілік тілейді, – деп по­ли­ция саласында өзін толғандырған біраз мәселелерді ортаға салды. Жас по­лицейлердің бойында отаншылдық рухын қалыптастыруға арналған жиында біз олардың өздерімен сөйлесіп, пікір алысқан едік.

Фархад ІЛИЯСОВ, Алматы облысы Ұйғыр аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторы:

– Мен Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң бөлімін 2012 жылы тамамдадым. Ішкі істер саласында 2013 жылдан бері еңбек етіп келемін. Отбасым, екі балам бар. Басты мақсатым – аға ұрпақ өкілдерінің ұлағатты ісін жалғастырып, елімізде құқық тәртібін нығайту, қылмыс атаулыға тосқауыл қою. Әрине, учаскелік полиция болу оңай емес. Себебі қазір ауылдық жерлерде мал ұрлығы, біреудің затын бопсалап тартып алу тәрізді қылмыс жиі кездеседі. Міне, осын­дай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін біздің үнемі халықпен байланыс жасап, оларға әсіресе, жастарға қылмыстың жақсылыққа апармайтынын жан-жақты түсіндіруіміз қажет. Осындай іс-шараның нә­­ти­жесінде соңғы уақытта біздің учаскеде ғана емес, аудан көлемін­де қылмыс атаулы азайып келеді. Бүгінгі жиында аға ұрпақ өкілдері-нің тәлім-тәжірибесін, ақыл-кеңестерін тыңдап, едәуір тәжірибе жина­дым. Жастар үшін мұндай жиын ауадай қажет.

Қарлығаш ТАУБАЛДИЕВА, Алматы облысы Іле аудандық ІІБ юве­налдық полицияның аға учаскелік инспекторы, полиция капитаны:

– Отан деген киелі ұғымды түсіну – әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм егіз ұғым. Сондықтан әрбір азамат өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек. Сонда адамның мерейі тасып, беделі өседі. Отан­дық патриотизм – елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Кез келген адамның ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлауы, туған еліне деген адалдық пен азаматтық сезімі. Өз еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін қорғай білу – біздің азаматтық парызымыз.

Салтанатты жиын барысында Ішкі істер органында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан милиция генерал-майоры Михаил Баранов пен Алматы облыстық Ішкі істер органдары Арда­герлер кеңесінің төрағасы Болат Құжақовтар жас полицейлерге ақ жол тілеп, бата берді. Сол күні жас полицейлер Қарасай ауданының ор­талығы – Қаскелең қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің және Жамбыл ауданы Жамбыл ауылындағы ақын мұражайында болып, осындағы тарихи шежірелермен танысты.

 
0
0
950

Қаржы полициясы жалған ақша жасаумен айналысқан 2 астыртын цехтың қызметін әшкереледі

Жамбыл облысының қаржы полициясы ағымдағы жылғы наурызда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұзақ уақыт бойы жалған ақша жасап келген 4 адамнан тұратын топтың заңсыз қызметін анықтап, оның жолын кесті.
Осылайша, 200 теңгеден 10 000 мың теңгеге дейінгі жалған купюраларды жасайтын 2 цехтың қызметін ұйымдастырғандары үшін Тетіков, Шұрымбаев, бұрын сотталған Ванаймоз және Әзірбайжан Республикасының азаматы Аслановтар ұсталды.
Жалған ақша жасалған пәтерлерді қарау кезінде көпфункционалды түрлі-түсті принтерлер, жеке компьютерлер, арнайы қағаз, сондай-ақ жалған купюралардың жартылай дайын нұсқалары алынды.

Тетіков, Шұрымбаев, Ванаймоз және Аслановқа қатысты жалған ақша жасау және тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот санкциясымен олар қамауға алынды.
Қылмыстық істі тергеу барысында департамент қызметкерлері аталған тұлғалармен жасалған жалған ақшаны таратудың 500-ден аса эпизодын анықтады, оның ішінде басқа аймақтарда орын алғандарын да.
Осылайша, бұрын ашылмай тұрған жартымыңнан астам қылмыс ашылды.

0
0
345

Сөз бен іс: Денис Теннің патриоттығына күмән келтіруші кімдер?

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдан-ақ «Қазақстан» деген елді әлемге таныту үшін барынша тырысып бағуда. Шын мәнінде, күн астындағы орын үшін талас жүріп жатқан бүгінгі дәуірде өзіңнің ұлттығыңды, мәдениетіңді, тіліңді т.б. сақтап қалу үшін танымалдылық немесе «брендке» айналу қажеттілігі әрбір елге туып тұр. Мәселен, Жапонияны техникалық және технологиялық өнімдерінен, Швецарияны сағаттарынан, Ұлыбританияны ағылшын тілі арқылы, АҚШ-ты компьютер және интернет технологиялары арқылы әлем жұртшылығы жақсы біледі. Осыған ұқсас бір ғана емес, бірнеше «бренд» атрибуттары арқылы жаһанға танылып жатқан елдер өте көп. Біз де «мәңгілік ел – бренд ел» екенін түсіне бастадық.

Спорт – бұл біздің елімізді әлемге танылдырып, брендке айналдырып жатқан бірден бір атрибут. Соның ішінде «Қазақстан» дегенде әлем халқының есіне бірден түсетін есім – Денис Тен. Біздің елімізде ғана емес күллі әлемде мәнерлеп сырғанау спортының жұлдызы болған бұл жас жігіт нағыз өз елінің патриоты. Президентіміз Н.Назарбаевтың «Жастар - салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс» - дегені бар. Елбасымыздың дәл осы сынына сай боп жүрген Денис Тенді ел үкіметі жеке жоба ретінде қарастырып, «Қазақстан» деген атауды әлемге паш етуде көзір ретінде қолдануда.

Жақсылық жүрген жерде жамандық, қастық қалмайды. «Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері азаматтық қоғамның дамуына ат салыспайды, сылбыр қарайды. Қазақ тіліне құрметпен қарамайды» дегенімізбен, олардың шетелдегі жеңісі де, жеңілісі тікелей Қазақстанға қатысты айтылады. Алғаш рет АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өткен жасөспірімдер арасында мұзда мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жарысында жүлдегер атанған Денис Тенді «феноменге» балаған әлемдік журналистер «Денис Қазақстанның атын әлемге танытты» деп жар салған еді. Сол уақытта Goldenskate.com сайтындағы «Денис Тен – Қазақстаннан келген “керемет”» деп аталатын көлемді мақалада жас спортшымен қатар, Қазақстан туралы да айтылады. Мұның өзі Денис Теннің еліміздің абыройын сол кезден-ақ танылдыра бастағанын білдіреді.

Әлемдік аренада ірі жетістікке жеткен спортшыға әр елдің көз тігетіні бар. Өйткені, «тірі талантты» пайдаланып, олар да өз елінің атағын шығарғысы келеді. Бұл бір жағынан алып қарағанда саяси-психологиялық ойын. Қайбір жылдары Ресей Федерациясы жұлдызы жанған спортшымызға мұндай ұсынысты жасап көрген көрінеді. Көршіміздің бұл әрекетін дұрыс түсінбеген және Денис Тенге сенім білдіре алмаған кейбір БАҚ пен жанкүйерлер «Денис Тен Қазақстаннан кетіп, Ресей азаматтығын алады» деген әңгімеге илана салады. Алайда, жас спортшы Қазақстаннан ешқайда кетпейтінін мәлімдеп, «Мен Қазақстанда тудым, осы елдің намысын қорғаймын»  - деген сыңайда халықты жұбатып, өзінің нағыз патриот екенін дәлелдейді. Бұл күмәнға дейін Денис Тен: «Шетелде өтетін түрлі спорттық жарыстарда қатысушыларға Қазақстаннан келдім десем, ешкім бұл елді білмейтіндерін айтып жатты. Бұл менің намысыма қатты тиеді. Кейін барлығына Қазақстанды танытамын, менің жеңісімді көріп, картадан Қазақстанды, интернеттен Қазақстан туралы мәлімет іздейтін болады» - деп өз-өзіне серт берген екен. Қазір ол өзінің сертінде тұрып, Қазақстанды әлемге танытушы «брендке» айналды. Оның жеңістеріне бүкіл әлем куә.

Денис Теннің ұлты – кәріс. Иә, мемлекеттік тілді білмейтіні де рас. Алайда, мәнерлеп сырғанау өнерінің шебері алдағы уақытта міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгеретінін айтқан болатын. Осы критерийді ғана есепке алып, оның патриоттығына күмән келтіретін адамдар, әсіресе тілші-журналистер өзге емес өз елімізде шығып жатыр.  Дегенмен, ұлты қазақ боп тұрып, өз тілін менсінбей жүрген кейбір шенеунік ағаларамыз бен шалақазақтарымыздың қасында елімізді әлемге танытып жүрген бұл жас жігіт сүттен ақ, судан таза емес пе?.. Қазақтың топырағында дүниеге келіп, Қазақстанның ауасын жұтып өскен жас спортшыда қазақ ұлтына тән мінездер де жоқ емес. Қайсарлық, намысшылдық өз орнына бір бөлек,  патриоттығы кейбір бауырларымыздан асып түспесе, кем түспейді. Сочи олимпиадасынан оралған соң тілшілерге берген сұхбатында ол: «Мен өз елімнің нағыз патриотымын! Мен осы топырақта тудым, өстім, бойыма қазақы менталитетті сіңірдім. Менің санамда достық туралы, адамдардың қандай болу керектігі туралы ұғымдар Қазақстанда көрген-білгеніммен байланысты» - дейді. Ендеше, Қазақстанның, қазақтың мінезін бойына сіңірген Денис Теннің патриоттығына қалайша күмән келтіруге болады?

Болатын жігіт қанағатшыл келеді дейді қазақ. Канаданың Ванкувер қаласында өткен олимпиадада қазылардың Қазақстан спортшысына алтын медаль бермегеніне наразылық танытып, «Төрешілер бұра тартты» деп Америкалық әйгілі журналист халықтан қол жинап, шу көтергені барша жанкүйерлердің есінде тұр. Бойында қазаққа тән қанағатшыл Денис: «Әлбетте, өнерімді бағалап, алтынға лайық санап жатса, мен үшін үлкен абырой. Ең бастысы – Қазақстанның көк байрағын әлем алдында аспанға шарықтаттым. Біздің елді де дүниежүзі мойындады. Бұдан асқан мен үшін жетістік жоқ!» - деп әлем жұртшылығын тәнті етеді. Спортшымыздың ішкі мінезіне қарап, қазақты Борат деп білетін біршама елдер бұл оқиғадан кейін ойын өзгерте бастағаны анық еді.

Нағыз патриот азамат өз елінің ұлттық рәміздерімен қатар, президентін ерекше құрмет тұтады. Бұл ретте,  жас спортшы мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа ерекше құрметпен басын иіп, бірнеше рет алғысын білдірген. «Сочиде жүргенде және Сочиге дейінгі жолымда Нұрсұлтан Әбішұлы зор қолдау көрсетті. Ең бірінші кездескен кезде ол менің Азиядадағы медальімді алып, оның жуық арада әлемдік деңгейдегі медальге айналыуын тіледі. Бұл –мен үшін үлкен қуаныш, үлкен құрмет. Нұрсұлтан Әбішұлының өсиеті әрқашан менің санамда болған» деп айтқан жас спортшы, қиын кезеңде күллі Қазақстанның және президенттің қолдайтынын еске алу арқылы ғана өзін жұбататынын айтады.

Денис Тен қазақ мәдениетін насихаттаумен айналысу мәселесін де ойластырып жүрген спортшыларымыздың бірі. Сочи олимпиадасында ол «Тұран» тобының композициясына құрылған муызкаға билеп шығады.  Сол арқылы қазақтың қобызы мен домбырасының үнін миллиардтаған адам естиді. «Гала-концерттен соң көп хат алдым, бәрі «бұл қандай муызка?» деп сұрап жатыр. Қазақстанға қызығушылық білдіріп жатыр. Мен өзімді спортшы ғана емес, мәнерлеп сырғанау жөнінен спорт елшісі ретінде көрсетпекпін. Қазақ мәдениетін, республикамыздың ерекшеліктерін әлемге танытқым келеді» - дейді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Бүгінде елімізде Денис Теннің жеңістерінен шабыт алған ата-аналар өз балаларын спорттың мәнерлеп сырғанау түріне беріп жатыр. Сонымен қатар, белгілі әнші, актер, продюсер Әнуар Нұрпейісов Сочи олимпиадасынан  қоланы алып қайтқан Денис Тен туралы видеоклип түсірген болатын.  «КОТэ - бұл Денис» атты бейнебаянның өзі «Денис Тен» брендінің біздің еліміздегі беделін көрсетеді. Сочидегі қолдаушыларына алғыс айтқан ол: «Мен қазақстандық жанкүйерлердің адам айтқысыз үлкен қолдауын сезіндім. Маған қолдау көрсету үшін Сочиге Қазақстаннан есепсіз адам келді. Сайыстан кейін жерлестерімнің көбімен таныстым, мұндай жағдай бірінші рет болып тұр, қатты қуандым!» - дейді. Ендеше, «Ат басындай алтын берсе де, Қазақстанды басқа елге айырбастамаймын»  деп жүрген жас спортшының «бренді» өрге домалап, беделі арта түссін!..


Дінмұхамед Аязбеков

Iskerclub

2
0
1467

Microsoft компаниясы windows XP бағдарламасынан бас тартты.

фото мына жерден алынған/http://wallpaperswide.com//

Microsoft компаниясы windows XP мен арадағы жұмысын тоқтаты. Енді бұрыңғы windows XP-ді пайдаланушылар мен, осы бағдарламада жұмыс жасайтындарға жаңартылу берілмейтін болады. 
Мамандардың айтуынша бұл бағдарламаны ұзақ мерзімде пайдаланушылардың компьютерлеріне вирустық қауіптің тым қатты төніп тұрғанын ескертеді. Және хакерлер көптеген әрекеттерге барып, түрлі вирустар жұқтыруға ат салысатындар  ХР бағдарламасын жақын арада вирустарға толтыруға кірісетінін айтады.
Ресейде бұл бағдарламамен 42% компания жұмыс жасайды екен.  
Ал кейбір мемлекеттік орындар бұл бағдарламамен тағыда біраз жүре тұруды көздеп, келісім-шарт жасасуда. Мысалға алатын болсақ Ұлыбритания Microsoft компаниясымен 8,8 млн долларға уақытын ұзартуға келісім жасасты. 
Каспер антивирусының сарапшысы Дейф Флиннің айтуынша - каспер антивирусын әрбір бесінші компьютер Windows XP-ді қолданатынын және әр кез осы бағдарламаға қауіптің тынбай төніп тұрғанын айтады.
Тағы бір айта кетелік, жаңадан шыққан Windows 8.1 бағдарламасы түрлі вирустарға қарсы жақсы күш көрсете алады екен. Microsoft мамандары болса тез арады Windows 7,Windows 8 болмаса Windows 8.1. бағдарламасына көшіп алуды ескертеді.

 


0
0
678

Қозы Көрпеш Баян сұлу, Козы Корпеш Баян сулу, Kozi Korpesh Bayan sulu, «В памяти предкам», «Культурное наследие»

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы

 

О сколько судеб, в любви страдали,

Пройдя все трудности, терпя.

И жизнь свою, они отдали,

Во имя вечности, любя.

 

Коварство, зло судьбы терпели,

Когда, все было против них.

Потери были, но сумели,

Сильнее быть, себя самих.

 

Но ведь любовь, всегда сильна,

Ей нужен взмах, полет крыла.

Где есть преграды, она сильна,

Судьба Корпеш с Баян свела.

 

Но рок тяжелый, уготовлен,

Козы Корпеш с Баян ждал.

Другой жених, ей был представлен,

Ему же дочь, свою отдал.

 

Но враг не дремлет, разлучил,

Кодар, что званный, тот жених.

Предательский, Корпеш убил,

Украл он будущее, двоих.

 

Прижала, тело, вся дрожа,

Зачем же жизнь, теперь нужна?

О, птицы, небо и земля,

Кричало, в горести она.

 

Баян была, вольна, сильна,

Сумела, Кодару отомстить.

Важнее всех, была нужна,

Найти Корпеша и любить.

 

Теперь, понятно, стало ей,

Как быть, с Корпешом навсегда.

Нет смысла, было ей важней,

Уйти быстрей, уйти туда.

 

Где ждал Корпеш, ее любимый,

Где нет врагов, обмана зла.

И с этой болью, невозможной,

Вонзила нож и умерла.

 

Как тихо стало, все вокруг,

Как будто замерло кругом.

Их души вместе, навсегда,

Теперь мечтают, об одном.

 

Свет, в бренной жизни, не найдя,

Ушли и не стучат сердца.

Легендой, стали для народа,

Ведь память, все еще жива,

 

Любовь такую, пронести,

Чтобы чувства были, в унисон.

На троне, у любви, вы в чести,

Хвала вам и спокойный сон.

 

Молитву, в памяти прочтем,

Найдем, мы нужные слова.

Пусть будет пухом, Вам земля.

1
2
7901

ПАТРИАРХТЫҢ КҮЗІ. ЖАС АЛАШ-тағы мақалам 08.04.2014

ДОСТАР! Бүгін ЖАС АЛАШ газетінде бір көлемді мақалам жарияланды. Аты - "Патриархтың күзі". Яғни біздің президенттің саяси күзі туралы тарқатып айтқым келді.
Көлеміне қарамай, оқып, танысып шықсаңыздар. Пікір алысайық.

Әміржан Қосанов

ПАТРИАРХТЫҢ КҮЗІ

Әлемдік әдебиеттің классигі Габриэль Маркестің осы аттас романы бар. Ондағы кей тұстары гротеск пен сюрреализмге ұласып кететін ол туындының сюжеттік желісімен ешбір байланыстырғым келмесе де, Қазақстан басшылығында ширек ғасыр бойына отырған президент Назарбаевтың да саяси күзі туралы әңгімені бастағым кеп отыр.
Өйткені осы жылдардың алғашқы қорытындыларын қазірдің өзінде шығара беру керек сияқты. Ол өткен жолымызды байыпты да байсалды түрде сараптап, ертеңгі күнге лайықты жоспар жасауымыз үшін әбден қажет.
Талай жыл билікті қатты сынға алып, саяси оппозицияда келе жатқан менің бағам мынадай: президенттің ел алдындағы сөзсіз еңбектерін мойындау және жақсылығын айту керек, бірақ оның жеке басын орынсыз дәріптей бермей, осы жылдар ішінде орын алған кемшіліктерді де ұмытпағанымыз жөн. Қазақша айтсақ, жақсылығын асырмай, жамандығын жасырмау керек.

Бар былықтың басы – басынған билік пен тасынған байлық!

Сөз жоқ, кез келген билік басындағы адамға баға бергендегі критерийлердің аса маңыздысы – ол басқарған елдің экономикалық дамуының деңгейі.
Иә, Қазақстан экономикасы көптеген елдерден көш ілгері. Оны тоқырап қалды деп айту қиын болар. 
Осы орайда кешегі жоспарлы социалистік халық шаруашылығын нарықтық рельске көшіруде билік 90-жылдардың ортасындағы өліара шақта біршама батыл қадамдар жасағанын мойындау керек. Біраз асыра сілтеушіліктер болса да, сол кезде уақыттың өзі талап еткен жекешелендіру, коммуналдық-тұрғын, қаржы, банк салаларындағы терең реформалар дер кезінде атқарылды.
Бірақ биліктің осынау реформаторлық еңбегін ескере отырып, экономиканың осындай біршама жоғары деңгейде сақталуының басқа да себептерін атауды «ұмыта» береміз. Көп «бәрекелдінің» ішінде біраз «әттеген-айлар» да бар.
Біріншіден, ол – кешегі Совет Одағынан қалған бай да базалы мұра. Әсіресе, Құдайдың өзі бере салған жерасты пайдалы қазбалар мен оларды өндіру саласы. Әлем нарығында ол байлық әрқашан да сұранысқа ие болмақ. Міне, біздегі осы саланың өліп-өшіп қалмауының бір себебі осы. Өкіметтің жыл сайынғы даму көрсеткіштерінің өсуі де дәл осы шикізаттық салаға қатысты. 
Бірақ та «Бізде сол шикізатты өңдеу, тауар өндіру не басқа жоғарғы технология дамып жатыр» дегенді естімейсіз! Осы күнге дейін экономикалық есірткіге айналған мұнайға тәуелділіктен әлі де құтыла қойған жоқпыз. Оның өзі ғаламдық диверсификациялану дәуірінде өте-мөте қауіпті жайт. Мәселен, АҚШ пен Еуропа қазір тақтатастық (сланцтық) мұнай мен газ проблемасын шешіп, ертеңгі күні Ресей не біз сияқты дәстүрлі экспортерлерге түспеу үшін барлық әрекет жасап жатыр. Бұл процесс, әсіресе, Ресейдің Украина аумағын аннексиялауынан кейін жаңа қарқынға ие болды. 
Екіншіден, кезінде қабылданған нарықтық заңдардың көп қызығын көпшілік емес, билік басына бір табан жақын ат төбеліндей топ армансыз көріп қалды. Көріп жатыр! Әсіресе, кешегі жалпыхалықтық меншіктегі экономиканың сүбелі тұстарын – мұнай мен кен орындары, зауыт, фабрика, банкілерді – жеке адамдардың қолына өтіп кетуі – қаймана халық үшін терең де түсініксіз құпия. Билік о баста «халықтық капитализм» құрамыз деп уәде берген еді, ал шын мәнінде ол «жабайы капитализмге» айналып кетті. Яғни нарықтық экономика халыққа емес, «Форбс» журналының бетін бермейтін қазақстандықтарға ғана қызмет етіп жатыр.
Үшіншіден, Ұлттық қорда 70 миллиард доллар қаржы бола тұра, жыл сайын бюджеттегі 1 миллиард доллар игерілмей жатқан «қолайлы» тұста, отандық тауар өндірісін дамыта алмауымыздың саяси себебі де бар: бізде олигархтардың лоббиі бар да, шағын және орта бизнестің мықты лоббиі, яғни жанашыры мен саяси тұрғыдан қолдаушысы жоқ! Бізде жеке банктерді қолдауға ондаған миллиард доллар бір күнде бөлінеді де, әрбір ауылда бір тері не ет өңдеу цехын ашуға қаржы жоқ болып шығады!
Міне, осынау, сырт көзге нарықтық (яғни, бәсекелестік) сыртқы сипаты болғанмен, іс жүзінде жабық, ашық та әділ бәсекеден мүлдем ада, оның үстіне мемлекеттік реттеуден (яғни, сол шенеунктерге пара беру арқылы ғана бизнес жүргізе алатын) бас ала алмай келе жатқан экономиканың негізін қалаушы президенттің өзі деп түсінеді халық. Оның үстіне, елдегі ең бай олигархтардың елбасының өзіне не оған етене жақын адамдарға тікелей қатысы бар деген әңгімелер де жоқ емес. Ол ақпаратты жоққа шығарып жатқан ешкім де жоқ.
Ол компаниялар ешқашан президент тарапынан сыналмайды. Кеше ғана ұлттық валюта құнсызданғанда, халықтың қалтасы бір сәтте 20 пайызға орталанып қалғанда, табысқа кенелген тек қана осы, пайдалы қазбаларды экспортқа шығарып жатқан белгілі кәсіпорындар болғаны да рас.
Олигархтық негізде құрылған, солардың мүддесіне ғана бағытталған экономика қарапайым халықтың мүддесіне жұмыс істей бастай ма? Міне, гәп сонда!

Әуелгісі – әлеуметтік әділеттік!

Экономика не үшін керек? Әрине, ең алдымен, халықты асырау үшін керек! Осы тұрғыдан алғанда, экономиканың жоғарыда айтқан біржақты сипаты Қазақстандағы әлеуметтік саясатының да болмысын анықтап отыр! 
Әрине, ресми статистикаға және мемлекеттік ақпарат көздеріне сүйенсек, Қазақстан халқының тұрмысы тамаша, зейнеткерлердің жағдайы – зайырлы, ауылдағы ағайын – ауқатты.
Бірақ, біздің елде бәрі бар: мұнай да, газ да, алтын да, хром да бар. Бірақ бізде бір нәрсе жоқ: бізде Әділеттік жоқ!
Әділеттің жоқтығы, әсіресе, әлеуметтік салада көзге ұрып тұр.
Неге осыншама бай мемлекетте оның азаматтарының басым көпшілігі соншалықты кедей тұрады?!
Меніңше, президенттің жақсылығы мен кемшілігі туралы айтқанда біз өмірдің осы ащы шындығын басшылыққа алуымыз керек.
Және де елге сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе елбасының ахиллес табаны дәл осы – әлеуметтік әділетсіздік - деп ойлаймын!
Әлеуметтік қарама-қайшылықты Астана мен Алматыда, басқа да үлкен қалаларда ақпараттық алюкобондпен тұмшалап, сырт көзден жасырып қоюға болатын шығар. Бірақ әрбір ауыл, ондағы жаппай дерлік жұмыссыздық, ілдәлап күн көріп жатқан қарапайым қазақтың күнкөрісін қалайша көрмейсің?!
Мәселен, барлық қазақстандықтар теледидардан Грекияда ереуілге шыққан зейнеткерді көріп жатыр, ол кісі: «Менің зейнетақым 800 евро ғана! Мен қалай өмір сүрем осы мардымсыз ақшаға? Үкімет кетсін орнынан!». Осыншама бай елде тұрып 100 евро ғана зейнетақы алатын қазақ ойлана бастайды емес пе осыдан кейін...
Иә, кез келген мемлекет қуатты әлеуметтік саясатты жүргізе алмайды, өйткені оған тиісті қаржы керек. Бірақ көптеген ел, біз секілді пайдалы қазбаға бай болмаса да, өз халқының тұрмыс деңгейін жоғарғы дәрежеде сақтап келе жатыр. Оларда жалақы да, зейнетақы да, медицина мен білім беру саласының сапасы мен қолжетімдігі өркениетте дәрежеде. 
Неге дейсіз бе? Оның екі себебі бар: олардың экономикаларының құрамында отандық тауар өндіру мен шағын және орта бизнестің үлес салмағы жоғары және де, ең бастысы, ондағы өкіметтердің заманға және адамға сай әлеуметтік саясат жүргізуге үлкен саяси ерік-жігері бар! Оның өз себебі мынау: егер де өзінің өмір сүру деңгейіне риза болмаса, ол елдерде халық келесі сайлауда сол өкіметке дауыс бермей қояды да, ол билік өз орнынан кетеді!
Өкінішке орай, бізде ондай, өз-өзінен билікті жаңартып, жақсартып, тәубасына келтіріп және де халықтың мұң-мұқтажын ойлайтын өкімет жүйесі қалыптасқан жоқ. Өйткені жүйелі түрде өтіп, жүзден жүйрікті анықтайтын, халықтың көңілінен шыққандарды сайлап алатын дәстүр жоқ бізде! Ең бастысы – билік басындағылар өздерінің болашағын қаймана халықтың тұрмыс деңгейінің өсуімен байланыстырмайды! 
Теңсіздік дегеннен шығады. Кезінде қарапайым металлург боп еңбек жолын бастаған Назарбаев президент бола алды. Ал енді ол өз қолымен құрған қоғамда оған еш туыстық қатысы жоқ қазіргі қарапайым жұмысшы президент бола ала ма? Міне, гәп сонда!

Сырты - бүтін, іші - түтін сыртқы саясат

Президент о бастан «көпвекторлы» саясат ұстанды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан ел үшін ол тактика дұрыс болған сыңайлы. Бірақ уақыт өте, біздің дипломатия біржақты сипат ала бастады. Нәтижесінде біздің кешегі көп бағытты векторымыз Кеден, сосын Еуразиялық Одаққа кеп тірелді.
Меніңше, барлық ел өз басымдығын анықтау үшін біршама уақыт өту керек. Қаржылық әрі қарым-қатынастық дағдарыстан аман-сау өтіп алайық. Жан-жағымызға жіті бақылап, оңды-солымызды танып алайық. Біржақтылыққа ұрынбайық. Өзінің түпкілікті мүдделері бар Казақ елі кіммен, қаншалықты терең одақтас болу керек, сол жағын асықпай, дабыра етпей, анықтайық. Ол үшін уақты керек. Ол кезде Ресей мен Қытай, азиялық көршілер мен басқалар қай жерде боларын бір Құдайдың өзі біледі.
Сонымен бірге сыртқы саясатта «мұрагер» факторы бар екенін ескеру қажет. Яғни, елдің қай елмен, қай аймақпен, қай Одақпен бірге болуын объективті шарттар емес, мемлекеттің түпкілікті мүдделері емес, сол болашақ мұрагерді олардың қайсысы қолдайды деген субъективті сауал шешіп кетуі мүмкін!
Ресей секілді әлеуеті өзінен 10 есе үлкен елмен бір Одаққа енген еліміз енді толыққанды саяси тәуелсіз бола ала ма? Міне, гәп сонда!

Бір адам ғана саясатпен айналысатын елдің болашағы бұлдыр!

Егер де экономика мен әлеуметтік салаларда біршама жетістіктер бар деп мойындай алсақ, қоғамдық-саяси тұрғыдан Қазақстан нағыз авторитарлық елге айналғанын ішкі көз де, сыртқы көз де біліп, көріп жатыр.
Сөз жоқ, Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде біздің президент мүлдем басқаша еді! Саяси аренамызда атқарушы билікке тәуелсіз, әрқилы пікір өкілдері жиналған, Үкіметке өз дегенін істете алатын мықты Жоғарғы Кеңес болды. Президент те ол кезде шынайы демократ ретінде өз аяғымен сол Парламентке баратын, ашық та бәсекелі пікірталас жүргізіп, өз сөзін өткізе алатын. Нағыз лидер екенін ол сонда танытқан.
Бірақ уақыт өте елде демократия мен пікіралуандығының аумағы тарыла берді.
Бәленің бәрі 1995 жылы Конституцияға шұғыл түрде өзгерістер енгізіп, биліктің бәрін бір адамның – президенттің қолына шоғырландыра салудан басталды. 
Содан кейін президент те өзгерді, қала берді, биліктің барлық тармақтары, келе-келе қоғамның өзі өзгерді!
Оның үстіне өкімет халықты осы конституциялық реформа «жанға бататын, бірақ міндетті түрде қолға алынуы тиіс экономикалық реформалар жасау кезеңінде ғана сақталады», «уақытша сипатқа ие» деп алдаусыратты. Қарап отырсақ, сол транзиттік кезең 5 не 10 жыл емес, тура 20 жылға созылып кетті. Және де одан сайын созыла беретін секілді! 
Осы жылдар ішінде бізде президенттің сөзсіз еңбегін мойындау гротескіге айналып, жеке басқа табынуға ұласып кетті! Нәтижесінде билікке айтылған кез келген азды-кем сын бас билік, яғни президентке бағышталған боп саналатын болды! Сөйтіп, айналамызға, биліктің болмысына, саясаты мен күнделікті тірлігіне объективті көзқарас қалыптастыру тіпті мүмкін болмай қалды.
Бүгінде президентке «әй детін әже, қой дейтін қожа» табылмай қалды.
Арагідік өз ойын не болмаса болмашы болса да сыни пікірін айтушылар сол сәтте «президенттің жауы» атанып, не қастандықпен өлтірілді, не түрмеге жабылды, не шетел асты, не басқаша қудаланды! Нәтижесінде президенттің маңайына «ләббай-тақсыризм» идеологиясын мықтап санасына сіңірген, ол жаңа өнердің алуан түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп алған саяси жағымпаздар шоғырлана бастады. 
Қазір басқаның емес, нақ солардың бағы жанып тұр! 
Дер кезінде президентке жағатын бастама көтеріп жіберсең, сол сәтте өсесің не билік тарапынан басқаша бір жақсылыққа кенелесің! Жағымпаздық пен көзбояушылық мемлекеттің ресми саясатына айналып қана қоймай, күн көрістің, карьераның басты механизмі ретінде орнықты.
Президент құрған жүйенің тағы бір моральдық іргетасы - оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік істерге және мемлекеттік меншікке қатысы бар үлкен бизнеске тым белсенді, кей жағдайда тым көзге қораш араласуы деп айтсақ артық болмас. Ол да қоғамның, соның ішінде, елбасының бала-шағасының қатарластарының заңды наразылығын туғызып жүргені рас. Қаттырақ айтайын: жастайынан партия-кеңес номенклатурасында боп, төменнен карьера жасап өскен, өз ортасында өзінің еңбегімен, басқа таланттарымен бәсекелесіп жүріп өскен президентке қолдан жаңа жау тауып, қарсыластары мен сыншыларының қатарын көбейткен де - нақ осы оның отбасының мүшелері! Нәтижесінде әкемізбен жасты президент өз балаларымен жасты біздің ұрпақты өз дұшпаны санап, қудалауға жол берді.
Сынықтан басқаның бәрі жұғады, отбасына қатысты осы теріс үрдіс биліктің төменгі деңгейіне де жетіп, қазір эпидемия сипатын ие болды. Ол шенеуніктердің қисыны қарапайым: егер де елбасы өз құдасын не күйеубаласын тайраңдатып қойса, менің және менің туыстарымның қай жері кем?! 
Саяси арена «бір актердің театрына» айналған елде бәсекеге лайық, әрі еліне танымал болашақ елбасылары қалыптаса ала ма? Міне, гәп сонда!

Ұлы таңдау
Шынымды айтсам, мен қазіргі президенттің жағдайын, оны мазалап жүрген құпия ойларды түсінетін сияқтымын.
Ол, сөзсіз, тарихта қалғысы келеді. Және де жай ғана қайраткер ретінде емес, елден ерекше әрі қайталанбас, қазақтың тарихында бұрын-соңды болмаған (және де болуы одан кейін болуы да мүмкін емес!) тұлға ретінде қалғысы келеді. Сондықтан да соңғы кезде оның жеке басын дәріптеу үрдісі еселеніп, өкінішке орай, тіпті сорақыланып барады. Елбасына жағынамын деушілер артық қыламын деп, тыртық қылып жатқанын бәрі көріп жатыр. 
Мойындау керек: Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сөзсіз, тарихта қалады! Елге сіңірген еңбегі – бір төбе. Дегенмен, ол осы жылдары еліміздің қолы жете алмаған тұстарға да, елде орын алған кемшіліктерге де жауап береді. Өйткені, біздің мемлекеттік жүйеде ең басты шешімдер тек қана оның құзырында.
Билік өз уысында әрі саяси оппозиция өкімет пен кейбір сатқын саясаткерлердің кесірінен әлсіреп қалған қазіргі тұста бізде ішкі және сыртқы саясатқа нақты ықпал ете алатын ең басты саясаткер нақ президент боп отыр. 
Осыған орай менің президентке айтар екі нақты ұсынысым бар (әрине, менің қояр талаптарым бұлардан гөрі қаттырақ екенін жұрт біледі, бірақ дәл бүгін биліктің не істеп, не қоюға шамасы жететінін алдын-ала сезетін реалист болуымыз керек шығар).
Бірінші. Экономика саласында өзін-өзі ұятқа қалдырып келе жатқан олигархтық жүйеден нарықтық заңдарды басшылыққа алатын, сонымен бірге қуатты әлеуметтік мән-мазмұны бар шынайы «халықтық капитализмге» өту жолын осы бастан қарастырып, сол шаруаны өзі бастап кетуі жөн секілді. Қазіргі 2030 не 2050-жылларға арналған стратегияларда мұндай концептуальды бағыт жоқ. Ең бастысы, пайдалы қазбаны сатудан түсіп жатқан қыруар қаржының қызығын қаймана қазақ болашағы бұлдыр 2050-жылы емес, дәл бүгін көре бастауы тиіс! Мұндай қадам, сөзсіз, елде әлеуметтік әділеттікті орнатудың алғышарты болар еді!
Екінші. Ел ішінде «Назарбаев кеткен соң өміріміз не болады?» деген әртүрлі әңгіме көп. Оның ішінде «Елбасының орнын кім басады?» деген одан да өткен бір мазасыздық бар. Меніңше, осы әңгімені президент өзі бастап, өзінің қазіргі саяси әрі адами қуаты бар кезінде тиісті алғышарттарын жасап кетуі керек сияқты. 
Бір нәрсе айқын: Қазақстан экономикасы мен саяси жүйесі дәл бүгінгідей өкілеттігі бар «екінші елбасын» көтере алмайды! Сондықтан да қазіргі президент өзінің уысындағы билік өкілеттіктерін парламент, үкімет, сот арасында қайта үлестіре бастағаны дұрыс болар еді. Бір сөзбен айтқанда, бір адам емес, мәселен, 300 депутаттан тұратын, құрамына қоғамда бар барлық күштер енген мықты парламент Қазақстан болашағының кепілі бола алады!
Бір сөзбен айтсам, дәл қазіргі саяси жүйе Назарбаевсыз қызмет ете алмайды! Өйткені біздегі барлық мемлекеттік институттар президенттің жеке басына қызмет ету үшін құрылған. 
Сондықтан осы тарихи тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар: бір адамға ғана бағышталған жартыкеш жүйені өзгерту керек.
Ерте ме, кеш пе, ол жүйе өзгеретіні белгілі, себебі кез келген авторитаризм өз түбіне өзі жетеді, оған тарих куә.
Сондықтан қазіргі президенттің алдында ұлы таңдау тұр: не сол өзгерістерді ол өзі бастап, өз қолымен жүзеге асырады, не ол өзгерістер оның қатысуынсыз өтеді!
Өз басым алғашқысын қалар едім. Өйткені екінші мүмкіндіктің арты қиын болып кетуі әбден мүмкін.
Меніңше, қазір қоғамда да, биліктің өз ішінде де алғашқы нұсқаны қолдаушылар баршылық. 
Сонда ғана Назарбаев секілді шын мәніндегі Патриархтың күзі Қазақстанның аязды қысына емес, жасампаз көктеміне ұласар еді.
Бірақ ондай қадамдарға президент өз еркімен бара ма? Әлде ашынған халық билік туралы мәселені онсыз, өзі шешіп тастай ма? Міне, гәп сонда!

0
0
631

Сүйінші!

Құрметті достар, жақсы жаңалық! Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Ю.Гагарин атындағы орта мектепте "Ақ Сұңқар" үйірмесі ашылды. Үйірменің басты мақсаты мектеп оқушыларына көшбасшылық және ораторлық қасиеттерді жастардың бойына сіңіру. Алдағы уақытта қала мектептерінде ашылу жоспарлануда.

0
0
583

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жиналыс туралы баспасөз ақпараты

Бас прокуратурада Бас прокуратура және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ өңірлік прокуратуралар мен кәсіпкерлер палаталары басшыларының қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жиналыс болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/ksipkerlerdin-kukyktaryn-korgau-mseleleri-zhonindegi-zhinalys-turaly-baspasoz

0
0
531

Электр энергиясын қалай үнемдейміз?

“Айқын” газеті
Елбасы «жасыл экономика» және болашақ энергиясын құру және инновациялық технологияны дамыту қажеттігін баса айтқан болатын.
2013 жылғы 30 мамырдағы жарлығымен еліміздің 2050 жылға қарай суды үнемдеу технологияларын дамыту, энергетиканың дәстүрлі түрлерін жетілдіру, жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды азайту, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаппай электр қуатын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау бойынша «Жасыл экономика» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Соған орай «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында партияның «Қазақстан. 2017 масқаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасындағы «жасыл экономика» бағытын жүзеге асыру мәселелерін талқылау және табиғи су қорларын, электр энергия қуаттарын тиімді қолдануға ұсыныстар әзірлеу мақсатында қалалық әкімдіктің өкілдері мен сараптамалық таптардың арасында «болашақты таңдай отырып, ресурстарды үнемдеу…» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті.
Жалпы, жер шары халқының саны 2014 жы­лы қаңтар айында 7,2 миллиард адамға жет­кен екен. Әр минут сайын 150 мыңға жуық адаммен толығып,  2013 жылдың ағы­мында әлемдегі тұрғындар саны 80 мил­лион­ға ұлғайған. ХХ ғасырда әлемдегі тұр­ғын­дар­дың саны 3,8  есе, яғни 1,7 мил­лиар­д адам­нан 6,3 млрд адамға өскенде энеригияны пай­да­лану қарқыны да 15 есеге өсіпті. Орташа есеп­пен алғанда энергияны тұтыну адам ба­сына шаққанда шамамен 4 есеге көбейген. Сон­дай-ақ әлемде 1,8 млрд адам су тап­шы­лы­­ғының зардабын шегуде, ал 2,5 млрд адам электр қуатын пайдалана алмай отыр. Энер­гетикалық теңсіздік көптеген әлеуметтік проб­лемалардың туындауына себепкер бо­лып отыр. Осындай мәліметті келтірген «Экоэ­­нергомаш»ЖШС-нің бас директоры А. Болотов: «бүгінде электроэнергияны үнем­­демесек, болашақта энергия тапшы­лы­ғын сезінуіміз мүмкін екендігін айтқан бо­ла­тын елбасы. Ендеше, үкімет энергия үнем­дей­тін және экологиялық таза тех­но­­ло­гияларды енгізуге күш жұмсауы тиіс» дейді ол.
Мысалы, энергия алынатын жел, күн сәу­лесі сарқылмас ресурстар болса, көмір, мұ­най, газ, уран сияқты қазба байлықтары тау­сылатын ресурстар, ал өзенэнергиясы мен биожанармай шектеулі ресурс. Бірақ Қа­зақстан бүгінгі таңда барлық энер­ге­ти­ка­лық ресурстармен қамтылған екен. Алайда жылу энергетиканың әсерінен биосфераның, яғни тіршілік мекеніндегі ғаламдық өзге­ріс­тер экожүйенің бұзылуына әкеп соғуда, сол үшін қандай да бір амал-шаралар жасамасақ ертең соның зардабын шегуіміз ғажап емес екен­дігін жеткізеді А. Болотов. Сондай-ақ бо­лашағымызды ойлайтын болсақ, қазба ресурстарын үнемдеп қана қоймай, шектеу қа­жет деген пікірде.
Электр энергияны тұтынушылар  ара­сын­да өнеркәсіп 68, 7 пайыз, үй шаруа­шы­лы­ғы 9,3 пайыз, қызмет көрсету секторы 8 пайыз­ды, транспорт 5,6 пайызды және ауыл шаруашылығы 1,2 пайызды құрайды екен.
Дөңгелек үстелге жиналғандар ресурсты үнем­­деу бүгінде маңызды мәселе болып отыр­ғанын және соны инновациялық да­мыту бойынша өкімет органдарының, ғы­лым мен бизнес топтардың үйлескен жұ­мы­сы қажет екенін және жаңа инф­ра­құры­лым­дарды қалыптастыруға үлкен мән беріп, жо­баларды мақұлдаған кезде жаңадан құ­рылып жатқан немесе қайта құрылып жат­қан объектілердің ресурстық және энергия үнем­дегіш технологияның пайдаланылуы бойын­ша Қазақстан Республикасының заң­дарының сақталуын қадағалау керектігін, қо­ғамда экомәдениетті қалыптастыру үшін, қор­шаған ортаны қорғауға қатысты тәрбие жұ­мыстарын жүргізіп тұру маңызды екенін ал­ға тартады.
Мырзахметова Нұрсұлу

“Айқын” газеті
Елбасы «жасыл экономика» және болашақ энергиясын құру және инновациялық технологияны дамыту қажеттігін баса айтқан болатын.
2013 жылғы 30 мамырдағы жарлығымен еліміздің 2050 жылға қарай суды үнемдеу технологияларын дамыту, энергетиканың дәстүрлі түрлерін жетілдіру, жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды азайту, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаппай электр қуатын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау бойынша «Жасыл экономика» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Соған орай «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында партияның «Қазақстан. 2017 масқаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасындағы «жасыл экономика» бағытын жүзеге асыру мәселелерін талқылау және табиғи су қорларын, электр энергия қуаттарын тиімді қолдануға ұсыныстар әзірлеу мақсатында қалалық әкімдіктің өкілдері мен сараптамалық таптардың арасында «болашақты таңдай отырып, ресурстарды үнемдеу…» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті.
Жалпы, жер шары халқының саны 2014 жы­лы қаңтар айында 7,2 миллиард адамға жет­кен екен. Әр минут сайын 150 мыңға жуық адаммен толығып,  2013 жылдың ағы­мында әлемдегі тұрғындар саны 80 мил­лион­ға ұлғайған. ХХ ғасырда әлемдегі тұр­ғын­дар­дың саны 3,8  есе, яғни 1,7 мил­лиар­д адам­нан 6,3 млрд адамға өскенде энеригияны пай­да­лану қарқыны да 15 есеге өсіпті. Орташа есеп­пен алғанда энергияны тұтыну адам ба­сына шаққанда шамамен 4 есеге көбейген. Сон­дай-ақ әлемде 1,8 млрд адам су тап­шы­лы­­ғының зардабын шегуде, ал 2,5 млрд адам электр қуатын пайдалана алмай отыр. Энер­гетикалық теңсіздік көптеген әлеуметтік проб­лемалардың туындауына себепкер бо­лып отыр. Осындай мәліметті келтірген «Экоэ­­нергомаш»ЖШС-нің бас директоры А. Болотов: «бүгінде электроэнергияны үнем­­демесек, болашақта энергия тапшы­лы­ғын сезінуіміз мүмкін екендігін айтқан бо­ла­тын елбасы. Ендеше, үкімет энергия үнем­дей­тін және экологиялық таза тех­но­­ло­гияларды енгізуге күш жұмсауы тиіс» дейді ол.
Мысалы, энергия алынатын жел, күн сәу­лесі сарқылмас ресурстар болса, көмір, мұ­най, газ, уран сияқты қазба байлықтары тау­сылатын ресурстар, ал өзенэнергиясы мен биожанармай шектеулі ресурс. Бірақ Қа­зақстан бүгінгі таңда барлық энер­ге­ти­ка­лық ресурстармен қамтылған екен. Алайда жылу энергетиканың әсерінен биосфераның, яғни тіршілік мекеніндегі ғаламдық өзге­ріс­тер экожүйенің бұзылуына әкеп соғуда, сол үшін қандай да бір амал-шаралар жасамасақ ертең соның зардабын шегуіміз ғажап емес екен­дігін жеткізеді А. Болотов. Сондай-ақ бо­лашағымызды ойлайтын болсақ, қазба ресурстарын үнемдеп қана қоймай, шектеу қа­жет деген пікірде.
Электр энергияны тұтынушылар  ара­сын­да өнеркәсіп 68, 7 пайыз, үй шаруа­шы­лы­ғы 9,3 пайыз, қызмет көрсету секторы 8 пайыз­ды, транспорт 5,6 пайызды және ауыл шаруашылығы 1,2 пайызды құрайды екен.
Дөңгелек үстелге жиналғандар ресурсты үнем­­деу бүгінде маңызды мәселе болып отыр­ғанын және соны инновациялық да­мыту бойынша өкімет органдарының, ғы­лым мен бизнес топтардың үйлескен жұ­мы­сы қажет екенін және жаңа инф­ра­құры­лым­дарды қалыптастыруға үлкен мән беріп, жо­баларды мақұлдаған кезде жаңадан құ­рылып жатқан немесе қайта құрылып жат­қан объектілердің ресурстық және энергия үнем­дегіш технологияның пайдаланылуы бойын­ша Қазақстан Республикасының заң­дарының сақталуын қадағалау керектігін, қо­ғамда экомәдениетті қалыптастыру үшін, қор­шаған ортаны қорғауға қатысты тәрбие жұ­мыстарын жүргізіп тұру маңызды екенін ал­ға тартады.
Мырзахметова Нұрсұлу

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/102-85/

0
0
1585