Мазмұнға өту
abzal_line

Абзал Есиркепов

@abzal_line

Сайтта 2014 ж. 2 сәуірКазахстан, Тараз

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті, "АБЗАЛ и К" жеке кәсіпкерлігінің директоры!

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылу

1

Сүйінші!

Құрметті достар, жақсы жаңалық! Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Ю.Гагарин атындағы орта мектепте "Ақ Сұңқар" үйірмесі ашылды. Үйірменің басты мақсаты мектеп оқушыларына көшбасшылық және ораторлық қасиеттерді жастардың бойына сіңіру. Алдағы уақытта қала мектептерінде ашылу жоспарлануда.

0
0
535

Менің мамандығым — менің болашағым!

Бүгін "Ақ Сұңқар"жастар қоғамдық бірлестігі мен "Бір Болашақ" жастар қоғамдық бірлестігі қала көлемінде "Менің мамандығым - менің болашағым" атты  акциясы бастау алды. Акцияның аясында қоғамдық бірлестіктің мүшелері қала  мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездестіру ұйымдастырды. Кездесу барысына мектеп директоры мен орынбасарлары қатысты. Аталмыш кездесуде Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауы "Қазақстан 2050" стратегиясы, Жастарды патриотизмге тәрбиелеу, Болашақ менің мамандығым және білім мен ғылым мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесудің бел ортасында мектеп директоры да сөз алып, бүгінгі кездесудің негізгі тұздығына айналған тақырыптар жөнінде біраз ой толғап, акцияның ары қарай жалғасуына сәттілік тілей отырып, рахметін жеткізді. Акция одан әрі сәуір айы бойына жалғасын таппақ.

1
0
2499

Абзал Есіркепов

Мен, Абзал Есенұлы Есіркепов 1993 жылы қыркүйек айының 29 жұлдызында екі мың жыл тарихы бар, киелі Тараз қаласында дүниеге келдім. Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия түлегі. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті. "АБЗАЛ и К" жеке кәсіпкерлігінің директоры. "Ақ Сұңқар" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Алдағы уақытта қоғамда болып жатқан жағдайларды, бірлестіктің іс-шаралары жайлы ақпарат беруге тырысамын.

1
0
811