Жаңа
Голубев әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарында болуы тиіс — Федерер
Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Қазақстан құрамасымен өткізген Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуінен кейін қарсыластарының жеке рейтингісіне мән бермегендігін атап өтті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. «Қазақстандықтардан екі жеңілісіміз мені ашуландырған жоқ, себебі менің өмірімде басқа жәйттар өкініш әкеледі. Біз қарсылас команданың жекелей сында болсын, жұптық сайыста болсын өз құрамындағы ойыншыларды оңай ауыстыра алатынын білдік. Рейтинг бір жылда атқарған жұмысыңды ғана көрсетеді, Дэвис кубогында ол екінші кезектегі мәселе. Мысалы, Андрей Голубев өз рейтингісіне тіпті сай келмейді, мұндай ойынымен ол әлемдегі ең үздік 25 теннисшінің қатарында болуы тиіс еді. Қазақстан құрамасы өте үлкен жұмыс атқарыпты, бізге олармен ойнау оңайға түскен жоқ», — дейді Р.Федерер. Матч соңында…
Голубев әлемдік рейтингте бірден бес сатыға жоғарылады
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев ATP рейтингісінде 5 сатыға көтерілді. Қазір ол 59-орынға табан тіреп отыр. Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин бұрынғысынша 56-орында қалды. Александр Недовесов 76-орыннан 77-орынға сырғыды, Евгений Королев болса, 449-дан 451-ге дейін төмендеді. Рейтингтің көш басында испандық теннисші Рафаэль Надаль тұр, одан кейінгі орында серб Новак Джокович бекіген. Үшінші орында Станислас Вавринка, төртінші — Роджер Федерер. АТР рейтингі. Үздік ондық: 1 . Рафаэль Надаль (Испания) — 13 730 ұпай, 2 . Новак Джокович (Сербия) — 11 680, 3 . Станислас Вавринка (Швейцария) — 5760, 4 . Роджер Федерер (Швейцария) — 5355, 5 . Томаш Бердых (Чехия) — 4720, 6 . Давид Феррер (Испания) — 4640, 7 . Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) — 4260, 8 . Энди Маррей (Ұлыбритания…
Хоккей: «Сарыарқа» Братина Кубогының финалына шықты
Жоғары хоккей лигасының Братина Кубогы жолындағы жарыста қазақстандық «Сарыарқа» клубы жартылай финалдың төртiншi матчында жеңiске жетiп, ақтық сынға жолдама алды. Қарағандыда Ресейдiң «Торос» командасын қабылдаған олар 2:0 есебiмен басым түстi. Екiншi айналымда алғашқы голды Дмитрий Громов салса, Константин Макаров үшiншi кезеңде команда мерейiн еселей түстi. Бұл қарағандылық команданың «Торостан» төртiншi басымдығы болғандықтан, «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының финалына шығып отыр. Ақтық додада олар Молот-Прикамье — Рубин жұбының жеңiмпазымен кездеспек. Айта кетейiк, «Сарыарқа» клубы қатарынан екiншi жыл финалға шығып отыр. 2013 жылғы маусымда олар осы «Торостан» ұтылған болатын. Былтыр ғана Ресейдiң ЖХЛ чемпионатына енген команда үшiн өте жақсы көрсеткiш. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Бас…
«Сарыарқа» бәрінен бұрын жартылай финалға шықты
Қарағандының «Сарыарқасы» «Кубань» (Краснодарь) клубын төрт рет қатарынан жеңіп, Ресейдің Жоғары хоккей лигасы аясындағы Братина кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алғашқы екі ойын Қарағандыда өткен. Екеуінде де «Сарыарқа» аса қиналмай жеңіске жетті. Ол екі ойынның нәтижелері – 5:3 және 6:3. Одан кейінгі екі матчтың ысқырығы Краснодарда безілдеді. Түздегі бірінші ойын шектен тыс тартысты өтті. Бірақ кеншілер клубы мол тәжірибелерінің арқасында ойын барысын бағамдап, айдын иелерінен жеңіске қажетті бір гол ғана артық соғып, үшінші рет басым түсті (3:2). Осылай үш рет қатарынан ұтылған «Кубань» хоккейшілері екпін алған «Сарыарқаны» енді тоқтата алмастарын біліп, тізгіндерін тартпаса да, аптықтары басылып қалды. Ал «Сарыарқа» төртінші матчта жауапсыз үш гол соғы…
Кханом жағажайынан Нанкин Олимпиадасына екі жолдама алдық
Жағажай волейболынан Таиландта жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып, еліміздің жас таланттары екі лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кханом жағажайында үш күн бойы Нанкинде (Қытайда) өтетін жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарының аймақтық електік додасы өткен болатын. Әу баста ҚР волейбол федерациясы «жүлдеге іліккен жұптар ғана Нанкин Олимпиадасының жолдамаларына ие болады» деп ақпарат тартқан. Бірақ жүлдегерлер ғана емес, алғашқы алтылыққа іліккендер де Нанкин Олимпиадасында бақ сынау құқығына ие болады екен. Абырой болып, бозбалалар мен бойжеткендер арасына үкілеп қосқан қос жұбымыз да Нанкин Олимпиадасының жолдамаларына қол жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, біздің елдің намысын Ақтаудағы «Каспий» клубының өкіл…
Бағаңды басқалар берсін
Егемен Қазақстан, 08.04.2014 Жақында Ресейдің солтүстік астанасындағы Мария театрының жаңа сахнасында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Аттила» және «Бiржан-Сара» қойылымдары, ал ескі сахнасында Гала балет өткен болатын. Нева жағалауының әсерлі бояуы ескірмейтін естелікке түсті. Ресей басылымдары бұл жайында жарыса жаңалықтар жариялап, шуақты лебізге толды. Есепке жүгінсек, мұнда 44 мақала және 18 теледидар сюжеті жарық көрген екен. «Ведомости», «Итар-Тасс», «Северная звезда», «Час пик», «Культурная столица», «Петербургский театрал», «Литературная газета» және «Опера ньюс», «Музыкальный Клондайк», «Музыкальный журнал» сияқты көптеген орыстың озық басылымдары қазақ-орыс мәдени байланыстары жайында жалықпай жазды. Мысалы, «Аттила» операсы туралы «Российская газета»: «Пе…
Рухани байлық
Егемен Қазақстан, 08.04.2014 Әлемдік деңгейдегі баспа туындыларына сай «АМАNАТ» журналы мен 200 томдық кітап шығарудағы игі бастама елімізде жүзеге аса бастағаны мәлім. Өзіндік ерекшелігі мол осынау игілік Алматы облысында да жалғасып, «Жетісу кітапханасы» айдарымен былтырғы жылы жарық көрген алғашқы 8 кітаптың тұсаукесер рәсімі Талдықорғанда өтті. «Жетісу кітапханасы» – біздің аймақтың ғана емес, қазақ руханиятының дамуына кеңінен ашылған жол деп бағалаймыз. «Жетісу кітапханасы» біз сағына тосқан бабалар үні, бабалар ойы, бабалар аманаты», депті Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов кітапқа жазған алғы сөзінде. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаламгерлер қауымы елдігімізді сақтауға, Тәуелсіздікті ел санасына ұялатуға, азаттық ұғымын ел санасына бекітуге абыройлы еңбек…
2014 жылы 11 сәуірде Астана қаласындағы Конгресс холл залында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері аясында салтанатты концерт пен көрме өтеді
2014 жылы 11 сәуірде Астана қаласындағы Конгресс холл залында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері аясында салтанатты концерт пен көрме өтеді.
Концертте Беларусьтің жекелеген орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары, соның ішінде «Песняры» Беларусь мемлекеттік ансамблі, Беларусьтің халық әртістері Ядвига Поплавская мен Александр Тиханович, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Александр Кремко, Беларусьтің мемлекеттік еңбек сіңірген «Хорошки» хореографиялық ансамблі өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, Астананың қонақтары мен тұрғындары Беларусь телеграф агенттігінің коллекциясынан «Бүгінгі Беларусия» атты фотокөрмені тамашалауға мүмкіндік алады.
Мемлекеттік қызметкерлерге арналған тестілеуге жазылу
Елбасының бастамамасымен құрылған "Электронды үкімет" веб-порталы ел игілігіне қызмет атқарып келе жатқандығы баршамызға белгілі. Парталдан 2000-ға жуық мемлекеттік қызметтерді үйде отырып алуға мүмкіндік тууда. Тек оған Сіздің ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбаңыз) болса болғаны. Еgov.kz порталында тіркеліп жұмыс жасай берсеңіздер болады. Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру үшін тапсырылатын теске қатысу туралы өтінім беру қазіргі таңда аталмыш портал арқылы жүргізілуде. Бұл қызмет түрі көптеген құжат түрлерін жинауды талап етпейді. Тек жеке куәлігіңіз бен порталға берілген тапсырыстың қол хатын шығарып тес тапсыруға бара берсеңіз болады. Толығырақ міліметті көрсетілген ссылкадан көре аласыздр! http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/employment&lang=ru