Құрметті табиғатты пайдаланушылар! «Жасыл даму» АҚ«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы...
«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-ө бұйрығы ( бұдан әрі – Бұйрық) 2014 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жарияланды (ҚР ӘМ 2014 жылдың 1 сәуірінде тіркелген).
Қазіргі уақытта «Жасыл даму» АҚ парниктік газдар шығарындыларына бастапқы квота бірліктерін іске асыру шеңберінде сауданы бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Бұйрықтың 9-тармағына сай,«Квоталар бірліктерінің қолданыста және айналымда болу мерзімі олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспарының әрекет ету кезеңі бойынша есеп беру күні біткеннен соң тоқсан жұмыс күнімен шектеледі», демек сол уақыт ішінде табиғатты пайдаланушыларға квота бірліктерін іске асыру және иелену бойынша операциялар жүргізу мүмкіндігіне қосымша уақыт бөлінген.
