Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорының орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының отырысы туралы
2014 жылдың 3 сәуірінде Душанбе қаласына (Тәжікстан Республикасы) Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорының орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының кезекті (ОДМК) отырысы өтті. Қазақстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан делегациялары аймақтық ынтымақтастықтың дамуы үшін маңызды бірқатар мәселеледі талқылап, қажетті шешімдер қабылдады. Отырыс барысында ОДМК жанында қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық іс-әрекеттер жоспарының басым бағыты – су ресурстарының ластану проблемалары жөніндегі жұмыс тобын құру туралы ұсыныс қарастырылды. Осы бағыттағы ынтымақтастықты дамыту Орталық Азия елдерінде су сапасы мәселесін шешуде бірлескен іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Осы орайда БҰҰ ЕЭК бірлесіп, аталған жұмыс тобының ережесі мен техникалық тапсырмасы жобаларын дайынд…
