«Экология бойынша балалар бизнес-жобалары» VIІІ Республикалық байқауының жәрмеңке-көрмесі және жеңімпаздарды марапаттау
«Жастар жетістіктері» Қоғамдық қоры мен «Шеврон» компаниясы «Экология бойынша балалар бизнес-жобалары» атты VIІІ Республикалық байқаудың үздік жобаларының жәрмеңке-көрмесін өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады. Жоба серіктестері – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі.
Биылғы жылы байқау 5 маусымда аталып өтілетін Бүкіл әлемдік қоршаған орта күніне орай өткізіліп отыр. Оның мақсаты – оқушылардың назарын экология мәселелеріне және табиғи байлықты тиімді пайдалануға аудару, әлеуметтік жауапкершілікті, өзекті экологиялық мәселелерді шешудің практикалық дағдыларын дамыту. Қазақстандық жас ұрпақпен жұмыс жасаудың бұл бағыты Қазақстанда “Жасыл экономика” ұзақ мерзімді Тұжырымдамасының жүзеге асырылуынан туындап отыр.
Биылғы жылы байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық балалар жобалары қатысты. Алматы, Астана қалаларынан және 15 облыстан 25 жоба дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды; олардың 13-і өз экологиялық идеяларын өмірде жүзеге асыруға жалпы көлемі бір жарым миллион теңгеден астам ақшалай гранттарға ие болды. Жақын уақыттарда жеңімпаздар өз жобаларын жүзеге асыруға кірісетін болады.
Шығармашылық экологиялық инициативалардың дамуы дана, әрі іскер ұстаздардың қолдауынсыз мүмкін емес, сондықтан байқау ұйымдастырушылары оның аясын кеңейтуді шешті. Балалар экологиялық бизнес-жобалары байқауына параллель педагогтарға арналған алғашқы экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларға кәсіби бағдар беру бойынша оқу-әдістемелік құралдардың Республикалық сырттай байқауына бастамашылық жасалып, өткізілді. Байқауға 193 жұмыс қатысты, олардың 36 ең үздігі дипломдармен марапатталды. Жинақталған алдыңғы қатарлы қазақстандық педагогикалық тәжірибе жалпыланып, жинақ түрінде жарияланады, ал одан кейін таратылып, енгізілу үшін еліміздің барлық аймақтарына жіберіледі.
Байқауда жеңімпаз атанған жобалармен «Жастардың жетістіктері» ҚҚ сайтында танысуға болады –www.centre-dom.kz
