Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көкшетаулық полицей 5 жасар баланы оттан аман алып шықты.

Көкшетаулық полицей 5 жасар баланы оттан аман алып шықты. «BNews.kz», 22.05.2014ж.
Көкшетау қалалық ІІБ қызметкері, полиция капитаны Серғазы Мейірманов 5 жасар баланы оттан аман алып шықты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Сәуле Хамзина хабарлады.

«20 мамырда Мейірманов ұрланған велосипедтің жай-күйін анықтау үшін мекемеден шығып кетеді. Оқиға болған жерді тексеріп болған соң көшеге шығады. Осы уақытта көрші үйдің екінші қабатындағы балконнан будақтап шыққан түтінді байқайды. Ойланып жатпай, өртеніп жатқан пәтерді бетке алып, жүгіре жөнеледі. Үй тұрғындарының бірін ертіп, пәтердің есігін ашады. Үйде қамалған 5 жасар баланы өрттен алып шығады. Артынша пәтерге қайта кіріп, өртенген матрас пен едендегі кілемді өшіре бастайды», - дейді С.Хамзина.

Баланың айтуынша, ол үйде жалғыз отырып, күкіртпен ойнай бастаған. Матрас жанған уақытта кереуеттің артына жасырынады. Тек С.Мейірманов пен үй тұрғынының арқасында үй өрттен, бала ажалдан аман қалған.

Серғазы бұл ісі үшін ешқандай да марапатты күтіп отырған жоқ. Ол «бастысы баланың аман қалғаны, менің орнымда кім де болса осылай жасар еді» - дегеннен артық ештеңе айтпаған.

   
0
0
324

Осы тақырып бойынша

Көкшетаулық полицей 5 жасар баланы оттан аман алып шықты. - Yvision.kz