Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шетелдік мамандар Қарағандының Азия чемпионатына әзірлігін тексерді

Қарағандының велосипед спорты бойынша Азия чемпионатының тас жолдағы жарысын өткізуге әзірлігін шетел мамандары десанты тексерді, деп хабарлады Азиялық велоспорт конфедерациясының (АСС) бас хатшысы Чой Бу Вунг.

«Алдын ала бағаладық. Қазақстанның Велоспорт федерациясының құзыретті қорытындысын негізге ала отырып, олармен жұмыс жасадық. Қазірде жарысқа дайындық шаралары туралы ақпаратты алып, таңдауымыз дұрыс болды деп санаймыз», — деді Қарағандыдағы баспасөз мәслихатында конфедерация өкілі.

Ол бағалау үшін Қарағандыға техникалық мамандар десанты жіберілгенін айтып өтті.

«Мамандар барлық тас жолды аралап шықты, әр секторда барлық қажетті инфрақұрылымның бар-жоқтығы тексерілді. Инспекторлар тобының есептеріне сәйкес қала чемпионат ұйымдастыру үшін орындарға қоятын талаптарға толықтай сәйкес келеді», — деп атап өтті Чой Бу Вунг.

Сондай-ақ «Азиялық велоспорт конфедерациясы әзірлік жағдайына өте риза», — деді ол.

«Тас жолда веложарыс ұйымдастыру үшін ауа райының қолайлығы аса маңызды. Екінші жағдай — тиісті сападағы тас жолдың болуы. Әрине, сонымен бірге тілектес көрермендердің көптігі мен жергілікті биліктер мен тұрғындардың қызығушылық танытуы аса қажет», — деп басты 4 параметріне тоқталды АСС бас хатшысы.

Ауа райы тамаша екен деп тамсанған ол «Қарағандының ауа райы тас жол жарысын өткізуге өте қолайлы. Қаты суық не қатты ыстық емес. Спортшыларға да керегі сол», — деді.

АСС бас хатшысы чемпионат ұйымдастырғаны үшін өңір билігіне алғысын білдірді.

«Бұл өте елітетін ойын-сауық. Жергілікті тұрғындар қызыға тамашалайтынына сенімдімін», — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, велосипед спорты бойынша Азия чемпионаты Қазақстанда алғаш рет өткізілмек. Ол екі кезеңмен өтеді. 21-26 мамырда Астанада тректе жарыс өтеді. 27 мамыр — 1 маусым аралығында Қарағандыда тас жолда сайыс жалғасын табады. Оған Азия өңірінің 29 елінен 200-ден астам спортшы қатысады.

Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу 2014 жылы атап өтілетін қазақстандық велоспорттың 100 жылдығын мерекелеуге арналған.

Чемпионатты ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің, Астана және Қарағанды облысы әкімдіктерінің қолдауымен қазақстандық велоспорт федерациясы ұйымдастырып отыр. Бас әріптесі — «Hyundai» брендімен «Астана Моторс» компаниясы, ал бас демеуші: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат

 
0
0
265

Осы тақырып бойынша

Шетелдік мамандар Қарағандының Азия чемпионатына әзірлігін тексерді - Yvision.kz