Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарда кинологиялық қызмет орталығы ашылды.

Павлодарда кинологиялық қызмет орталығы ашылды. «BNews.kz», 22.05.2014г.
Павлодар облыстық ішкі істер департаментінде кинологиялық қызмет орталығы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Полицейлердің ақпаратына қарағанда, мұнда 12 қызметтік-іздестіру иті бар. Тәртіп сақшыларының төрт аяқты көмекшілерінің арасында неміс және бельгия овчаркасы, спаниель мен лабрадор тұқымдас иттер бар. Олар есірткі мен жарылғыш заттарды іздеп, қылмыскерлердің ізіне түсетін болады.

Қызметтік иттерге жылы орындар мен жаттығу жасайтын арнайы алаңдар қарастырылған. Орталық ғимаратында кинологиялық қызмет мамандарына арналған кабинеттер, ветеринарлық дәріхана, иттерге арналған госпиталь және ас дайындау орны жұмыс істейді. Орталықты ашуға облыстық бюджеттен 15 млн теңге шамасында қаржы бөлінді.

Қызметтік иттер облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де тартылмақ.

   
0
0
326

Осы тақырып бойынша

Павлодарда кинологиялық қызмет орталығы ашылды. - Yvision.kz