Кеше Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры мектеп бітіруші түлектерге «Жолың болсын жас түлек» атты кездесу өткізді.
Мектеп бітіруші жас түлектердің мамандық таңдауға және өмірге деген көзқарастарының байсалды және нақты болып қалыптасуын нығайту мақсатында өткен шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы Шамұрат Байжан Мұғалімұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансұров Батыржан қажы Берденұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, теолог Алпысбаев Ерғали Орынқұлұлы және мектеп бітіруші түлектер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Алғашқы сөзді Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Е.К.Шохаев сөйледі. Сонымен қатар, Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы Б.М.Шамұрат, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Б.Б.Мансұров және теолог Е.О.Алпысбаев мектеп бітіруші түлектерге жақсы тілектерін жеткізді.
Өткізілген шара барысында Қордың атынан сыйлақтар үлестіріліп, соңы мерекелік концертке ұласты. Сондай-ақ түлектер тарапынан өз ризашылықтарын білдіріп "Қазақстан-Атырау" телеарнасына сұхбат берген мектеп бітірушілер де кездесті.