Ақмолалықтар полицияға 4 мина мен 2 мың оқ-дәрі өткізді.
Ақмолалықтар полицияға 4 мина мен 2 мың оқ-дәрі өткізді. «BNews.kz», 26.05.2014ж.
Көкшетауда ерікті түрде қару өткізу акциясының аралық нәтижелері бойынша кеңес өтті. Ақмола облысының тұрғындары акция аясында полицияға 335 қару-жарақ пен оқ-дәрі өткізді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеңес жұмысына қару-жарақ және оқ-дәрі сататын мамандандырылған дүкендердің басшылары да қатысты. Акцияның аралық нәтижелерін Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, майор Омархан Райымбеков Көкшетау қалалық ІІД кеңесінде жариялады.
«Бүгінгі таңда ақмолалықтар ерікті түрде полицияға 335 тіркелмеген қару-жарақ, оның ішінде 4 мина мен 2 мың оқ-дәрі өткізді», - дейді полиция майоры.
Сонымен қатар, Омархан Боранбайұлының айтуынша, Ақмола өңірінің еріктілеріне сыйақы төлеу үшін ірі мөлшерде қаржы бөлінген. Демек, елді мекендердегі полиция қызметкерлері өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп, буклеттер мен жадынамалар таратуы тиіс.
