Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

VII АЭФ аясында ҚР ҚОСРМ басшысы Н. Каппаров бірқатар кездесу өткізді

22-23 мамыр күндері  VII АЭФ аясында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров  екіжақты кездесулер өткізді.
Португалия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Паулу Порташпен өткен кездесу барысында екі ел арасында қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Нұрлан Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты тәжірибе алмасу мен технологиялар трансферіне қызығушылық білдіріп, инвестициялар тарту арқылы су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды іске асыруға мүдделі екендігін мәлімдеді.
Сонымен қатар министр Орталық Азия елдерінің «жасыл» экономикаға көшуі үшін жағдай жасау мақсатында құрылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөнінде баяндады. Осы тұрғыда Н. Қаппаров Португалияны бағдарламаға қатысуға шақырды.  Сонымен қатар, кездесу барысында «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Паулу Порташ Португалияның кешенді құрылыс пен инфрақұрылымдық объектілерді басқару салаларында жинақтаған тәжірибесінің Қазақстан үшін қызықты бола алатындығын атап өтіп, португалдық бизнес өкілдерінің «Астана EXPO-2017» көрмесіне қатысуға мүдделілігін жеткізді.
Эстонияның парламенттік тобының жетекшісі Денис Бородичпен өткізген кездесуі барысында Н. Қаппаров қоршаған ортаны қорғау, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық, Қазақстанда «жасыл» жобаларды бірлесіп іске асыру және Эстонияның «Астана EXPO-2017»  көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды.
Денис Бородич Эстонияның жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қатысуға дайын екендігін растады.
Н. Қаппаровтың Еуропалық қайта құру және даму банкінің Түркия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша атқарушы директоры Оливье Декамппен өткен кездесуде  инвестициялық ынтымақтастық және қалдықтарды қайта өңдеу, энерготиімділікті арттыру, су шаруашылығы инфрақұрылымы салаларындағы жобаларды бірлексіп іске асыру мәселелері талқыланды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-75/

0
0
235

Осы тақырып бойынша

VII АЭФ аясында ҚР ҚОСРМ басшысы Н. Каппаров бірқатар кездесу өткізді - Yvision.kz