Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ислам мен экстремизм, терроризм терминдері бір-біріне қарама қайшы»

Ағымдағы жылғы 23 мамырда Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау селолық округінің әкімшілік қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және ауыл тұрғындарына «Ислам мен экстремизм, терроризм терминдері бір-біріне қарама қайшы» аттыдөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансұров Батыржан қажы Берденұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, қоғамдық қордың теологы Жұмағұл Қанат Әділханұлы, Атырау селолық округі әкімі Ибрашев Табылды Мырзағұлұлы және әкімшілік қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, ауыл тұрғындары, ұстаздар, мектеп оқушылары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Шара барысында Е.К.Шохаев, Б.Б.Мансұров,Қ.Ә.Жұмағұл – аталған тақырып аясында баяндама жасап қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Шараға 180 адам қатысты.

   
0
0
552

Осы тақырып бойынша

«Ислам мен экстремизм, терроризм терминдері бір-біріне қарама қайшы» - Yvision.kz