Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Дін ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің»

А.ж. 23 мамырда Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау қаласы, Дамбы селолық тұрғындары, қоғам қайраткерлері және белсенді жастар ұйымдарына «Дін ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты кездесу өткізді.

Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансұров Батыржан қажы Берденұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, қоғамдық қордың теологы Жұмағұл Қанат Әділханұлы, Дамбы селолық округі әкімі Байзуллин Ұзақбай Шораұлы және ауыл тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұстаздар қауымы, мектеп оқушылары, белсенді жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Шара барысында Е.К.Шохаев, Б.Б.Мансұров,Қ.Ә.Жұмағұл – аталған тақырып аясында баяндама жасап қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Шараға 120 адам қатысты.

 
0
0
518

Осы тақырып бойынша