Мазмұнға өту

Жаңа

Поветкин неміс боксшысын нокаутпен жеңді

Аса ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Александр Поветкин 8 ай үзілістен кейін неміс боксшысы Мануэль Чаррмен жұдырықтасып,  қарсыласын техникалық нокутпен ұтты, деп жазады Би-Би-Си.

Мәскеуде өткен жекпе-жек жетінші раундта ресейліктің жеңісімен аяқталды.

Осыған дейін ол 2013 жылдың қазанында  Мәскеуде өткен кездесуде украиналық боксшы Владимир Кличкодан жеңіліп қалған болатын.

Ал бұл жеңістен кейін Поветкин Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрлықаралық чемпионы атағына ие болды.

 

Басты сөздер: РесейСпорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
182

Қазақстандық боксшылар 1 алтын, 3 күміс олжалады

Германияда өткен халықаралық «Chemistry Cup» турнирінен қазақ боксшылары 1 алтын және 3 күміс олжалады, деп жазады sports.kz. 52 келіге дейінгі салмақта Ілияс Сүлейменов ешкімге дес бермеді. 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 60 келіде Берік Абдрахманов және 81 келіде Әділбек Ниязымбетовтер тек шешуші кезеңде қарсыластарына жол беріп, күміс медальды жеңіп алды. Бұлардан басқа еліміздің атынан 64 келіде Алмасбек Әлібеков пен 69 келіде Рүстем Сыбаев та өнер көрсетті. Жалпы бұл турнирге 17 елден 106 спортшы атсалысты. Sports.kz «кіші әлем біріншілігінің» қазақстандық жеңімпаздарының тізімін келтіреді: 1995 ж. — Василий Жиров 1996 ж. — Болат Жұмаділов, Василий Жиров 1997 ж. — Болат Жұмаділов, Серік Өмірбеков 1998 ж. - Ермахан Ибраимов 2001 ж. — Бауыржан Қайырменов 2005 ж. — Серік Сәпиев, Бахыт Сарсе…

0
0
753

Бүгін Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталады

Бүгін санаулы сағаттардан соң Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталады. Екі күні бойы курортты өңірде өтетін сайысқа Гонконг, Жапония, Сирия, Өзбекстан, Корея, Сингапур, Моңғолия, Филиппин, Иран, Малайзия, Тайпей, Қытай, Таиланд және Казақстанның жас триатлоншылары қатысуда. Сондай-ақ, осынау шараға Азия триатлон федерациясы, Дене шынықтыру және спорт ісі жөніндегі агенттік, Ақмола облысы әкімдігі, Бурабай ауданы әкімдігі, ҚР триатлон федерациясы және болашақ олимпиадашыларды дайындайтын жасөспірімдер мен балалардың облыстық спорт мектебі мұрындық болып отырғанын айта кеткен жөн. Жарыс жолына алдымен қыздар, соннан соң ер балалар шығады. Сайыс ережесі бойынша триатлоншылар алдымен 750 метр суда жүзіп, 20 шақырым велосипедпен жарысады және 5 шақырым жаяу жүгір…

0
0
254

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев кениялық Моррис Околамен жұдырықтасады

Кәсіпқой бокстан IBO Intercontinental тұжырымы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (11-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін 1 маусымда Мытищи қаласында өткізеді, деп жазады kazsporttv.kz.

Оның қарсыласы — кениялық боксшы Моррис Окола (4-0, 2 KO). Ауыр салмақтағы жепке-жек 8 раундқа созылады.

Бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Чудинов (12-0-2, 8 КО) пен даниялық Патрик Нильсен (22-0, 11 КО) жұдырықтасады.

«KAZsport» телеарнасы жекпе-жекті дүйсенбі, 2 маусымда көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 11.10-де басталады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
229

ҚР Жоғарғы Соты Департаментінің басшылығы жетім балалар үйінде болып, оларды мерекелерімен құттықтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испанов және департамент қызметкерлері Астана қаласынан 100 шақырымға жуық жердегі Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет ауылында орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне барды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kr-zhogargy-soty-departamentinin-basshylygy-zhetim-balalar-uyinde-bolyp-olardy-merekelerimen

0
0
1252

G-Global – дағдарысқа қарсы ұстаным

Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғам­­ның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлігінің бірі – жастар. Жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Мұның себебі де бар, Елбасы жастар саясатына соңғы жылдары үлкен маңыз беріп келеді, сондай-ақ нақты жұмыс істеудің үлгісін де көрсетті. Мамырдың 21-22 аралығында елордада VІІ Астана экономикалық форумы аясында ІII Дүниежүзілік экономикалық жастар форумы өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы АҚ, «Қазақстанның жас депутаттары Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі және шаһардағы бас университеттердің ұйымдастыруымен өткен форумның тақырыбы – «Жастар үлесі: экономикалық интеграция және «жасыл» технологиялар» деп аталады. Жастардың форумын а…

0
0
730

Жаңа технологиялар: артықшылықтары VS салдары

Жаңа технологиялар: артықшылықтары VS салдары Бүгін мен TED конференциясының кезекті бір керемет тақырыбын көрдім: «Хью Герр: жүгіруге, тауға шығуға және билеуге қайта мүмкіндік берген биониктер» (Hugh Herr: The new bionics that let us run, climb and dance). Хью Герр бионикалық аяқ-қолдардың жаңа ұрпағын жасаумен айналысады. Бұл жердегі жаңа ұрпақ дегеніміз – табиғи модельдер негізіндегі роботталған протездер болмақ. Хью 30 жыл бұрын тауға шығамын деп жүріп екі аяғынан айырылған. Қазір ол Массачусетс технологиялық институты (MIT) жанындағы «Медиа Лаб» атты зерттханадағы биометрика жөніндегі топтың жетекшісі. 30 жыл бойы ол өзінің биологиялық тұрғыдан шектелуімен күресіп ақыр соңында жеңіске жете алды. Конференцияда Хью бионикалық аяқтың неше түрлі жаңа модельдерін көрсетеді. Жаңа модельде…

0
0
1878

Aлматы облысы бойынша инспекция Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді

2014 жылғы 29 мамырда Алматы облысы бойынша монополияға қарсы инспекция Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру мәселелері жөнінде қоғамдық және іскер топтар өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы мақаласының ережелері жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды.

0
0
370

Парламент Сенаты ҚР Жоғарғы Сотының жаңа судьяларын сайлады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында Президент Н.Назарбаевтың ұсынуымен отставкаға шығуларына байланысты Николай Мамонтов пен Нұрия Сынғалиеваны ҚР Жоғарғы Сотының судья лауазымынан босату жөнінде шешім қабылданды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/parlament-senaty-kr-zhogargy-sotynyn-zhana-sudyalaryn-saylady

0
0
1151