Жаңа
Қазақстандық балалардың денсаулығы – еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің басымдығы
Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде республикамыздың барлық өңірінде «Дені сау бала – салауатты болашақ!» ұранымен іс-шаралар өткізіледі.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында саламатты бала кабинеттері, жастардың денсаулық орталықтары жұмыс істейді.
Mac’танушыларға естелік
Кез-келген тәжірибелі қолданушы жұмысты тез жүргізуге және өнімді жүргізуге көмектесетін «жедел пернелер» екенін жақсы біледі. Бірақ та көп адамның бұл туралы білетіндері тек «cmd+C», «cmd+V» пернелерден аспайды. Біз бүгін сіздерге 6 түрлі пайдалы кеңес береміз:

Алакөл көлдерінің біріне 2 миллионға жуық сазан балаңқұрты жіберілді
Алакөл балық инспекциясының бөлім қызметкерлері мен Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының қатысуымен Қошқаркөлге (Алакөл көлдері жүйесі) 1 850 000 дана сазан балаңқұрты жіберілді. «Балық өнеркәсібі» ЖШС Алакөл филиалы директорының балық аулау жөніндегі орынбасары Мұратхан Оразымовтың хабарлауынша, жақын күндері тағы екі партия «жас қоныстанушылар» осы көлдің азық-түлік қоры мол, жылытылған суларына келіп түседі және кішкентай балаңқұрттан өнеркәсіптік үлкен сазан балықтары болып шыққанынша өздерінің өмірлік циклын бастайды. Басшының айтуынша, инкубациялық цех мамандары көктемде ілкімді қимылдады. Институттың аға ғылыми қызметкері Елена Данько өзендерді балық қорларымен толтықтырудың, ауданда жұмыс жасайтын екі балық зауыты үшін мықты шикізат базасын жасаудың маңызы…
Халықаралық балаларды қорғау күні Катермен таңғажайып серуен жасау
2014 ж. 1 маусымында ҚР Үкіметі, БҰҰДБ және Samsung Electronics Central Eurasia – нің «Электрондық қалдықтарды басқару» бірлескен жобасы балалар мен олардың ата – аналарына арналған экологиялық–ағарту акциясын – Есіл өзені бойымен әдеттен тыс серуен ұйымдастырады. Шараның басты мақсаты – электрондық қалдықтардың зияны мен бұзылып, жарамсыз болған не пайдаланылмайтын ұялы телефондар, батареялар, зарядтайтын құрылғыларды, яғни үйде қордаланып қалған жұмыс істемейтін не ахлақтық тұрғыдан айтқанда көнерген ұсақ электрониканы, экологиялық қауіпсіз түрде кәдеге жаратудың қажеттілігі жайлы халықтың хабардарлығын арттыру. Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, мектеп қабырғасынан бастап – ақ өскелең ұрпақ бойында экологияшыл әрі қоршаған ортамен ұқыпты да жауапкершілікке толы қарым – қатынас жасауды…
«Мемлекеттік қызметте– мемлекеттік тілмен» республикалық байқауы туралы баспасөз ақпараты
Бүгін Бас прокуратурада прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілмен» атты республикалық байқау болып өтті.

Астанада автокөлік құралдарын кәдеге жарату мәселелері талқыланды
2014 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров көлік құралдарын кәдеге жарату және көлік секторындағы энерготиімділік мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты. Аталған шараға ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Басқосу барысында Н.Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында автокөлік паркін жаңартуды ынталандыру мақсатында көлік құралдарын кәдеге жарату және осы сектордағы энерготиімділікті жоғарылатуды көздейтін жаңа бағдарламаны әзірлеу қарастырылғаны туралы баяндады. Сонымен қатар министр автокөлік өндірісі қалдықтарын қай…
Министр Н. Қаппаров Монако князьдігі делегациясымен кездесті
2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Монако князьдігінің сыртқы істер министрі Жозе Бадиа бастаған делегациямен кездесті. Н. Қаппаров пен Ж. Бадиа Монаконың болашақ энергетикасы бағытындағы әлемдік жетістіктерді жинақтап, көрсететін «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелерін талқылады. Тараптар «жасыл» экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екендігін атап өтіп, оның перспективалары туралы ой бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі аясында, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері, «жасыл» құрылыс және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу салаларына инвестициялар мен технологияларды тартудағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері қарасты…
Велосипед спортынан Азия чемпионатында Қазақстан тағы 2 алтын медальға ие болды
Велосипед спортынан Азия Чемпионатының сегізінші күні Дмитрий Груздев пен Виктор Окишев Қазақстанның қоржынына тағы екі «алтын» салды. Сонымен барлығы 12 алтын болды, деп хабарлайды ВСҚФ баспасөз кеңсесінен. Қарағандыдағы күннің салқындығына, желге, жаңбырға қарамастан жарыс жоспар бойынша сағат 08.00-де басталды. Тас жолға бірінші ерлер, 45 км қашықтыққа жекелеген жарысқа, кейін 30 км қашықтыққа жекеленген жарысқа андерлер шықты. Қазақстанның атынан Дмитрий Груздев (ерлер) мен Виктор Окишев (андер). 45 км қашықтыққа ерлер арасында жекеленген жарыста алтын медальды қазақстандық Дмитрий Груздев иеленді. Ол қырғызстандық спортшы Вакер Югенді 1.19.20 сек озып шықты. Бұл Азия Чемпионатында Дмитрийдің алғашқы алтын медалі (2011,2012 жылдары Дмитрий Азия Чемпионаттарында күміс жүлдесін иеленген…
ФУТБОЛ: Фернанду Алешандренің қазақстандық клубта ойнауы ықтимал
Бұл туралы португалиялық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, Аzerisport.com сайты хабарлады.
Басылымда атап өтілгендей, футболшының «Академикпен» келісімшартының мерзімі аяқталуға таяу. Қазіргі сәтте оған португалиялық «Брага» мен «Маритиму», сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Қазақстан қызығушылық танытуда.
Бұл маусымда 28 жасар футболшы «Академикте» 23 ойын өткізіп, екі гол салды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда премьер лига мен бірінші лига клубы үшін трансферлік терезе 2014 жылғы 11 маусымнан 8 шілде аралығында ашылады, деп хабарлайды Vesti.kz.
