Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Поветкин неміс боксшысын нокаутпен жеңді

Аса ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Александр Поветкин 8 ай үзілістен кейін неміс боксшысы Мануэль Чаррмен жұдырықтасып,  қарсыласын техникалық нокутпен ұтты, деп жазады Би-Би-Си.

Мәскеуде өткен жекпе-жек жетінші раундта ресейліктің жеңісімен аяқталды.

Осыған дейін ол 2013 жылдың қазанында  Мәскеуде өткен кездесуде украиналық боксшы Владимир Кличкодан жеңіліп қалған болатын.

Ал бұл жеңістен кейін Поветкин Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрлықаралық чемпионы атағына ие болды.

 

Басты сөздер: РесейСпорт

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
177

Осы тақырып бойынша

Поветкин неміс боксшысын нокаутпен жеңді - Yvision.kz