Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық боксшылар 1 алтын, 3 күміс олжалады

Германияда өткен халықаралық «Chemistry Cup» турнирінен қазақ боксшылары 1 алтын және 3 күміс олжалады, деп жазады sports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта Ілияс Сүлейменов ешкімге дес бермеді. 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 60 келіде Берік Абдрахманов және 81 келіде Әділбек Ниязымбетовтер тек шешуші кезеңде қарсыластарына жол беріп, күміс медальды жеңіп алды.

Бұлардан басқа еліміздің атынан 64 келіде Алмасбек Әлібеков пен 69 келіде Рүстем Сыбаев та өнер көрсетті. Жалпы бұл турнирге 17 елден 106 спортшы атсалысты.

Sports.kz  «кіші әлем біріншілігінің» қазақстандық жеңімпаздарының тізімін келтіреді:

1995 ж. — Василий Жиров

1996 ж. — Болат Жұмаділов, Василий Жиров

1997 ж. — Болат Жұмаділов, Серік Өмірбеков

1998 ж.  - Ермахан Ибраимов

2001 ж. — Бауыржан Қайырменов

2005 ж. — Серік Сәпиев, Бахыт Сарсекбаев

2006 ж. — Галиб Джафаров, Қанат Ильясов

2007 ж. — Серік Сәпиев, Ердос Жаңабергенов

2012 ж.  - Серік Сәпиев

2013 ж. — Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов

2014 ж. — Ильяс Сүлейменов.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
740

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық боксшылар 1 алтын, 3 күміс олжалады - Yvision.kz