Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР ҚОСРМ және «Казахрыбхоз» қауымдастығы арасындағы меморандум қабылданды

2014 жылдың 6 маусымында Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ҚР ҚОСРМ жанындағы орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңесінің балық шаруашылығы секциясы отырысын өткізді. Кеңес отырысына ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің, Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының басшылары, сондай-ақ, «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының өкілдері қатысты. Басқосу барысында Орал-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балық популяцияларын сақтау және қалпына келтіру шаралары, спорттық-әуесқойлық балық аулауды дамыту, сондай-ақ бөтен кірме балық түрлерінің Балқаш-Іле су бассейніне инвазиясына қатысты проблемаларды шешу жолдары талқыланд…

0
0
445

«Битва Экстрасенсов» шоуының финалисті Алия Салимова Астана қаласында

Емші, көріпкел ресейлік танымал «Битва Экстрасенсов” шоуының 12 ші бөлімінде финалға жол тартып ерекше қасиетімен көрінген Салимова Алия Васильевна Астана қаласында 7 ші тамыздан бастап айдың аяғына дейін қабылдау жүргізеді. Қандай да бір мәселеңіз болса, денсаулығыңыз сыр беріп жүрсе , Алла берген бойындағы қасиеті арқылы қаншама адамға қол ұшын берген Алия Васильевнаның қабылдауына келіңіз. Оның емшілік, көріпкелдік қасиетіне еш шүбә келтіре алмайсыз. Өйткені, ол өзін халық алдында телебағдарлама арқылы мойындатқан, сонымен қатар «Табиб» халық емшілері қауымдастығы қасиетін куәландырып (№74), Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы кеңесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексіне сәйкес, қолданыстағы емін жасауға рұқсат еткен (№70). Алия Васильевна дар…

0
1
2749

Дәстүрлі құндылықтар ғана өміршең болмақ – А.Әбдірәсылқызы

Бурабай. 7 маусым. BAQ.KZ – «Қандайда бір өркениетті қоғам дәстүрлі құндылықтарсыз алға басып көрген емес. Біздің қазақ дінді дінилендіріп емес, руханиландырып қабылдаған халық». Бурабайда «Тұрғындардың діни сауаттылығын көтеру мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігі» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-танымдық конференция кезінде Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі Айнұр Әбдірәсылқызы осындай пікірді ортаға қойды,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Қазақтың діни санасы оның тұрмысымен біте қайнасып жатыр. Біздің әрбір мақал-мәтел, жыр-дастан сияқты барлық рухани дүниемізге діни санамыз сіңдірілген. Яғни, біздің діни санамыз бен дүние танымымыздың айырмашылығы жоқ. Қазақта: «Нені ексең соны орасың» деген сөз бар. Ал, пайғамбарымыз хадисінде: «Дүние – ахиретті…

0
0
714

Тұрғындардың дiни сауатын көтеру мәселесiне арналған ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының тиiмдiлiгi

Бурабай. 7 маусым. BAQ.KZ – Өткен жұма күні Бурабайда «Тұрғындардың дiни сауатын көтеру мәселесiне арналған ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының тиiмдiлiгi» атты республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өтті. Халықтың діни сауатын арттырудағы ақпараттық-насихат топтарының тиімділігін талдау мақсатымен өткен алқалы жиынға Дін істері агенттігінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен аймақтардағы ақпараттық-насихат топтарының өкілдері қатысты. Халық арасында дінді дұрыс насихаттау жұмысын жүргізуге мүдделі барлық құрылымдар арасында өзара қарым-қатынасты нығайтуды да көздеген жиынды Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин басқарды. Ислам дінінің біздің елге сонау бағзыдан жеткенін және өркендегенін жеткізген ол жетілген дәстүрлі дінімізді…

0
0
374

Зарина Дияс Ноттингемде турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Астана уақытымен жұмадан сенбіге қараған түнде Ноттингемдегі жүлде қоры 75 мың долларлық ITF сериясы турнирінде жекелей разрядта финалға шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Жартылай финалда Дияс Портуғалия өкілі  Мишель Ларшер де Бритоны 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Қазақстандық спортшының финалдағы қарсыласы жартылай финалда турнирдің сегізінші ракеткасы — британдық Джоханну Контуды 6:3, 7:5 есебімен жеңген чех теннисшісі  Кристина Плискова.

Өткен жылғы Куала-Лумпурдегі турнирде Дияс чех теннисшісі Плисковадан 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
274

Қазақстандық боксшы Роман Жайлауов Австралияда чемпиондық титулға таласады

Қазақстандық жас боксшы Роман Жайлауов 5 шілдеде Австралияда өзінің кезекті жекпе-жегін австралиялық Кэмерон Хаммондпен өткізеді. Бұл туралы Еуразиялық-Тынық мұхиты бокс кеңесінің (EPBC) ресми сайтында хабарланды. 10 раундтық додада WBC нұсқасы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесінде EPBC чемпионы титулы тігіліп отыр. Атап айтқанда, қос боксшы да кәсіби шаршы алаңда жеңіліп көрмеген. Қазақстандық боксшы 12 жекпе-жекті жеңіп, оның 8-ін нокаутпен аяқтаса, К.Хаммон 9-ында үздік атанып, төртеуін мерзімен бұрын тәмамдады. Айта кетейік, Роман Жайлауов елордалық бокс мектебінің тәлімгері, спорт шеберіне кандидат. Өткен жылғы мамырда ол Азия чемпионы титулын жеңіп алды. Әр жылдары бокстан Қазақстанның біріншіліктерінде күміс жүлдегер және чемпион атанып жүрді. Автор: Руслан Ғаббасов Басты сөздер…

0
0
364

Футбол: Испания депутаттары ӘЧ-да құрама жеңісі үшін төленетін сыйақы көлемін сынға алды

Испания Парламентінің депутаттары Бразилиядағы Әлем чемпионатында құрама футболшылары жеңіске жеткен жағдайда оларға төленетін сыйақы көлемін сынға алып отыр. Атап айтқанда, депутаттар Испания құрамасының футболшылары өткен жолғыдай чемпионатты жеңсе, әр ойыншыға 720 мың еуро (980 мың доллар) көлемінде бонус төленеді деген хабарламаға наразылық білдірді. 2010 жылғы Әлем чемпионатында испандық футболшыларға 600 мың еуродан берілген еді. Парламентарий Хосеп Энтони Дуран Twitter-дегі парақшасында Испания чемпиондық титул үшін өзінің құрамасына Германия футболшыларына қарағанда екі еседен астам сыйақы берітінін атап өткен. «Сонда біз Германиядан екі есеге бай болғанымыз ба?» — деп таңданып отыр ол. Мәселен, Германия құрамасының ойыншылары әлем біріншілігінде жеңіске жетсе, әрқайсысы 300 мың е…

0
0
270

«Критериум дю Дофине» көпкүндігінің бірінші кезеңінде «Астана» шабандозы итальяндық Винченцо Нибали 8-ші қатардан көрінді

«Критериум дю Дофине» көпкүндігінің бірінші кезеңінде жекелей сайыста британдық «Sky» шабандозы Кристофер Фрум жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz. Екінші орында испандық «Tinkoff-Saxo» шабандозы Альберто Контадор, Люксембургтен Боб Юнгельс және «Trek» үздіктер үштігін тұйықтады. Қазақстандық «Астана» шабандозы итальяндық Винченцо Нибали 8-ші қатардан көрінді.«Критериум дю Дофине» 1-кезең, Лион, Франция10,4 шақырымға жекелей сайыс 1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») — 13:13 2. Альберто Контадор (Испания, «Tinkoff-Saxo») — +0:08 3. Боб Юнгельс (Люксембург, «Trek») — +0:11 8. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — +0:13 24. Якуб Фуглсанг (Дания, «Астана») — +0:19 30. Льюв Вестра (Нидерланды, «Астана») — +0:22 32. Андрей Гривко (Украина, «Астана») — +0:23 45. Танел Кангерт (Эстония, «Аст…

0
0
190

«Атырау» ФК қатары Әлем чемпионатының үздік шабуылшысы Доминик Адийямен толықты

«Атырау» футбол клубының қатары 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Әлем чемпионатының үздік шабуылшысы Доминик Адийямен толықты.

«Атырауға келіп үлгерген Доминик Адийя 24 жаста. Ол бұрынғы Гана құрамасының шабуылшысы, кезінде 20 жасқа дейінгі футболшылар арасында әлем чемпионатының үздік шабуылшысы болып танылған. Норвегияда, Италияда, Сербияда, Түркияда және Украинада ойнады», — деп атап өтті «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі.

 
Басты сөздер: СпортАтырау облысы
АТЫРАУ. ҚазАқпарат
0
0
277

БҚО ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу полигоны ашылды.

БҚО ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу полигоны ашылды. «ҚазАқпарат», 09.06.2014ж. Шалқар көлі жағасында БҚО ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу полигоны ашылды. Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес оқу-жаттығу жиыны осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Полигонның ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Ішкі істер министрлігі кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Құрымбаев жеке құрамға «Ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңын түсіндіріп, Елбасы Жолдауының басты бағыттарына тоқталды. БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов полигонды ашу жолында еңбек еткен қызметте…

0
0
477