Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық гимнастшылар 12 жүлде жеңіп алды

Жамбыл облысында көркем гимнастикадан өткен ашық чемпионатта Сыр елінің гимнастшылары 5 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен оралды, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Аталмыш біріншілікке Алматы қаласы, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 200-ге жуық гимнастшылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жекелей көріністе Құралай Сапар, Гүлден Бердібек (екеуі де 2006 ж.), Дана Садықова (2004 ж.), Мәриям Тұрғанбай (2007 ж.) бас жүлдені жеңіп алды. Ал топтық көріністе 2004-2005 жылы туған спортшылардың мерейі үстем болды.

Жекелей көріністен Айжан Қуандықова (2003 ж.), Ольга Тян, Динара Шамсудин (екеуі де 2007 ж.) және 2001-2002 жылы туылған спортшылар топтық жаттығудан күміс жүлдені иеленсе, Диана Қанатбек, Толқын Әбдиева (екеуі де 2001 ж.) және 2007 жылғы туылған спортшылар топтық көріністен үштікке ілінді.

Алда Алматы қаласында көркем гимнастикадан халықаралық жарыс өтеді. Әзірге спортшылар сол сынға дайындалуда.

 
Басты сөздер: СпортҚызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
0
0
267

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық гимнастшылар 12 жүлде жеңіп алды - Yvision.kz