Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбеде «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден 200 млн теңге өндірілді.

Ақтөбеде «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден 200 млн теңге өндірілді. «BNews.kz», 10.06.2014ж.
Ақтөбенің жол сақшылары «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден мемлекетке 200 миллион теңге өндірді. Жыл басында Ақтөбе облыстық ІІД жылжымалы кешен сатып алған болатын. Оның көмегімен көшеде кетіп бара жатқан кез-келген күдікті көлік пен жүргізуші туралы ақпарат алуға болады.   

Тіпті, қаптаған көлік нөпірінің ішінен жалған мемлекеттік нөмір тағып алғандарды да дөп табады.

«Соңғы бес ай ішінде «Автоураган-П» жылжымалы кешенінің көмегімен

3309 көлік жүргізушісі тексерілді. 9 жүргізушінің темір тұлпарына жалған мемлекеттік нөмір тағып алғаны, 35 жүргізушінің куәлігінен айрылып қалса да, көлік тізгіндеп жүргендігі анықталды. Ал 2 жүргізуші жалған құжаттармен ұсталды»,-дейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин.

200 жүргізушінің жол бойында ереже бұзғаны осы кешеннің көмегімен белгілі болды. Ал мемлекет пен екінші деңгейлі банктердің алдында қарызы барлар да осы «Автоураган-П» арқасында анықталып, 200 миллион теңге қайтарылған.

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Ақтөбеде «Автоураган-П» кешенінің көмегімен борышкерлерден 200 млн теңге өндірілді. - Yvision.kz