Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда ауыр атлетикадан өтетін ӘЧ-да бізді тартысты ойындар күтіп тұр — Аттила Адамфи

5-8 маусымда IWF бас директоры Аттила Адамфидің басшылығымен Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сарапшылары Қазақстан ауыр атлетика федерациясының және Алматы қаласының әлем чемпионатын өткізуге деген әзірлігіне техникалық инспекция жүргізді, деп хабарлайды ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Чемпионат Алматы қаласында 4-16 қараша аралығында өтеді. Турнирдің ерекшелігі — 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиялық ойындарға лицензиялық дода болуында. Осы себепті жарысқа әлемнің 500-ден астам спортшысы қатысады.

«Қазақстан әлемде ауыр атлетика бойынша көшбасшылардың бірі саналады. Лондонда өткен олимпиялық ойында бұған көзіміз жетті. Қазақстандық федерация Жанат Түсіпбековтың басшылығымен жігерлі, кәсіби ұйымдастыру комитетін құрды. Сондықтан чемпионат жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Бізді тамаша, әсерлі,тартысты ойындар күтіп тұр», — деп атап өтті А. Адамфи.

Алматы әуежайын, басқа да қалалық нысандарды аралаған халықаралық сарапшылар Алматының кез келген деңгейдегі халықаралық турнирді өткізуге толықтай әзір екенін атап өтті.

Басты сөздер: АлматыҚоғамСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
472

Осы тақырып бойынша

Алматыда ауыр атлетикадан өтетін ӘЧ-да бізді тартысты ойындар күтіп тұр — Аттила Адамфи - Yvision.kz