Мазмұнға өту

Жаңа

Президент кубогында алты боксшымыз жеңіске жетті

Бокстан Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» IV халықаралық турнирінде екінші күннің жекпе-жектері толықтай аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Екінші күнгі жекпе-жектерде нокаут көп болды. Бұл тұрғыда алты жекпе-жектің мерзімінен бұрын тоқтатылғандығын айта аламыз. Бүгін шаршы алаңға 10 боксшымыз шыққан болатын, солардың алтауы жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті де, төртеуі жеңілістің кермек дәмін татты. Жалпы, екінші күнгі барлық жекпе-жектердің нәтижелері төмендегідей: Електік кезең 56 келі: Фарид Агамогланов (Әзірбайжан) – Петр Васильев (Ресей) – техникалық нокаут (R1) Зинат Жандыбаев (Ресей) – Ержан Ордабаев (Қазақстан) – 3:0 Тхатхи Дончай (Таиланд) – Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан) – 3:0 Тугцогт Нуямбаяр (Моңғ…

0
0
410

«Астана» баскетбол клубына Хорватия қыраны келді

«Астана» баскетбол клубы Хорватия құрамасының ойыншысы Лукша Андричпен келісімшартқа отырғанын бүгін ресми түрде жариялады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Лукша Андрич – орталық шабуылшы, Хорватия құрамасының ойыншысы, Еуропа чемпионатына қатысқан. 1985 жылы 29 қаңтарда туған. Бойы – 208 см. Баскетболдағы кәсіби карьерасын 2001 жылы бастап, Хорватияның «Дубровник» клубында өнер көрсеткен. Бірнеше елдің клубтары ойнайтын Адриат лигасында (NLB Liga ABA) және Түркия чемпионатында ойнап, тәжірибе жинақтаған. Еуролига додасында да шыңдалған. Хорватияның бірнеше дүркін чемпионы (2005-06, 2006-07, 2008-09, 2009-10 жылдардағы), Хорватия кубогының иегері (2009), Түркия Президенті кубогының иегері (2011), баскетбол жұлдыздары матчында ойнаған (Хорватия, 2005, 2006, 2007 және 2008 жылдар). Сонымен қ…

0
0
345

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері жұмысына кірісті

Шайбалы хоккейден «Барыс» клубының жаңа бас бапкері Астанаға келіп, өз жұмысына кірісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Негізі, Андрей Назаров «Донбасс» (Донецк) клубы мен Украина құрамасының бас бапкері болатын. Бірақ биыл Украина клубы өз еліндегі саяси жағдайға байланысты бір жылға академиялық демалыс алып, Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) додасына қатыспайтын болды. Осыны естіген бетте «Барыс» клубының басшылары Назаровты Астанаға шақырып, команда тізгінін қолына ұстатты. Назаров өзі ғана емес, көмекшілерімен қоса келіпті. Кешеден бері өз қызметіне кірісіп, жұмысын бастап кетті. Алдағы маусымда клубтың алдына қойылған мақсатқа қол жеткізуге тырысатындығын, бірінші кезекте хоккейшілердің күш-қайратын арттыруға көңіл бөлетіндігін, е…

0
0
222

Саяжай учаскелерінің жекелеген меншік иелері өтініштерін қарау нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

Бас прокуратура Елорданың бірқатар тұрғындарының Астана қаласы әкімдігі лауазымды тұлғаларының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты әрекеттеріне берген шағымдары қаралды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/sayazhay-uchaskelerinin-zhekelegen-menshik-ieleri-otinishterin-karau-ntizheleri

0
0
494

Қазақстан мен Израильдің су саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойылды

2014 жылдың 10 шілдесінде Ақтауда Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен Израильдің «Мекорот» Ұлттық су компаниясының бас директоры Шимон Бен-Хамо екі ел арасындағы Қазақстанның су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойыды. Бұл құжатта тараптардың Қазақстанда заманауи үздік су жобаларын әзірлеуге, іске асыруға және басқаруға мүдделілігі расталады. «Мекорот» компаниясы консультациялық, ұйымдастырушылық және технологиялық қолдау көрсетеді. Тараптар қазақстандықтарды су шаруашылығы саласындағы мамандықтарға және жаңашыл технологиялар мен тәсілдемелерге (ноу-хау) үйрету орталығын құруға ниетті. Израильдік компания қазақстандық ұлттық су компаниясын құру барысында өзінің білімі мен тәжірибесін негізге алып,…

0
0
225

Моңғолия қазақтарында қонақта

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология Институты этнология және антропология бөлімі шет елдегі қазақ этникалық топтарының мәселесімен он жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді, болашағы зор бағдарламаға бөлім меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали жетекшілік етуде. Соңғы уақытта осы мақсатта алыс жақын шетелдерге ғылыми іссапарлар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. 2013 жылы Моңғолия мен Қытай елдеріне кешенді түрде ұзақ экспедиция жасалды. 2013 жылы 24 шілде 5 қыркүйек аралығында Моңғолия еліне жасалған экспедиция барысында зерттеуші-этнологтар тобы Моңғолияның орталық, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігіндегі елді мекендердегі қазақтар жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Баян-Өлгей аймағынан тыс қазақтар тұратын: Баян-Өлгий, Төв аймағы (Угтаалцайдам, Эрдэнэ сомондары, Нала…

1
0
930

Қазақтың Астанасы: мыңжылдықтар шарайнасында

Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылы 20 қазанда «Ақмола қаласын – ҚР астанасы» деп жариялау тарыл жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап ие болды. Осылайшы, жаңа Астананы әлемге таныстыру, ресми тұсау кесу тойы 1998 жылғы 10 маусыда тағайындалды. 2008 жылы 24 маусымдағы заңмен «6 шілде – Астана күні» мемлекеттік мереке болып белгіленді.
Ақмола – Кеңесары ту тіккен, Абылай ханның ордасы болған жер. Бағдарламада бұрынғы Ақмола, қазіргі Астананың тарихы жайлы баяндалмақ. Студия қонағы – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, тарихшы және өлкетанушы Алдан Смайыл.

1
0
1791

Батысқазақстандық жас жол сақшылары республикада үздіктер қатарында.

Батысқазақстандық жас жол сақшылары республикада үздіктер қатарында. Батысқазақстандық жас жол сақшылары Шығыс Қазақстан облысында А.Матросов атындағы балалар сауықтыру лагерінде жуырда өткен Ғазиз Байтасов атындағы жас жол сақшыларының ХІV республикалық слетінен табыспен оралды. БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Динара Абдулқалықованың айтуынша, аталмыш жарысқа барлығы 18, соның ішінде Ресей мен Тәжікстаннан бір-бір команда қатысып, күш сынасты. БҚО намысын қорғаған Зеленов ауданы Трекин ауылындағы қазақ орта мектебінің жас жол сақшылары командасы үздік бестіктің қатарына ілікті. Соның ішінде велосипед пен үгіт бригадасы жарысынан батысқазақстандықтар екінші орынды иеленді. Қазіргі таңда өңірде барлық мектепте жас жол сақшылары қозғалысы бар, ал облыс…

0
0
1825

«Тұған елге тағзым». Шымкент 8 күн

Бүгінгі сегізінші күнімізді еліміздің ең көне қорығыАқсу-Жабағлыға барудан басталды. Ол – ОрталықАзиядағы сиреккездесетін, тек осы аймақтарғағанатән өсімдіктер мен жануарлардыңотаныретінде ЮНЕСКО-ныңбақылауындағы қорық. Ақсу –Жабағлы қорығы жайлы толығырақ мәлімет білу үшін біз оның мұражайына бардық. Мұражайдың ішінде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан жануарлардың сан алуан түрлерін көруге болады. Бұл мұражайдан тау қойы мен ешкілерін, маралдарды, еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді, саршұнақтарды таба аламыз. Кейіннен біз таудың жоғарғы жағына барып, ата – бабаларымыздың ертеде мекен еткен үңгірін көрдік. Сонымен қатар, үлкен тастың үстіне ойып жасалған тоғызқұмалақ тақташасына кез болдық. Ос…

0
0
751

Қоштасар сәт

Әрбір нәрсенің соңы болады демекші біздің танымдық экспедициямыздың да соңғы күні келіп қалды. Бүгінгі күніміздің жоспары тым тығыз болды деп айта алмаймын,себебі, бүгінгіге тек кинотеатр мен кітапхана ғана жоспарланған болатын. Күніміз спецэффекттерге толы, қазіргі жастардың қызығушылықпен қарайтын, фантастика жанрындағы - «Трансформер» фильмінен басталды. Фильмнен жақсы әсер алып, біз Атырау қаласының облыстық кітапханасына аяқ бастық. Үш қабаттан тұратын кітапхана әр қабатында өзіндік ерекше бөлімшелері бар екен. Мысалы, көп кісі орнына саналған акт залы, Америка Құрама Штаттарының әдебиеті мен тарихи кітаптардан тұратын шағын бөлімше, өлкетану кітаптарына арналған оқу залы және т.б. Білетініміздей, барлық кітапханалар адамдарға оларды қызықтыратын кез келген кітапты келіп оқып, адамны…

0
0
496