Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тұған елге тағзым». Шымкент 8 күн


Бүгінгі сегізінші күнімізді еліміздің ең көне қорығыАқсу-Жабағлыға барудан басталды. Ол – ОрталықАзиядағы сиреккездесетін, тек осы аймақтарғағанатән өсімдіктер мен жануарлардыңотаныретінде ЮНЕСКО-ныңбақылауындағы қорық. Ақсу –Жабағлы қорығы жайлы толығырақ мәлімет білу үшін біз оның мұражайына бардық. Мұражайдың ішінде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан жануарлардың сан алуан түрлерін көруге болады. Бұл мұражайдан тау қойы мен ешкілерін, маралдарды, еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді, саршұнақтарды таба аламыз.
Кейіннен біз таудың жоғарғы жағына барып, ата – бабаларымыздың ертеде мекен еткен үңгірін көрдік. Сонымен қатар, үлкен тастың үстіне ойып жасалған тоғызқұмалақ тақташасына кез болдық. Осыған сәйкес біздің бабаларымызлогикалық тұрғыдан дамығандығы жайлы болжам жасауға болады. Ақсу – Жабағлы қорығында тіршілік ететін ірі жыртқыш аңдардың іздері көзімізге түсті. Сонымен қатар бір топ оқушылар «Қызыл кітапқа» енген Грейга қызғалдағы мен оның тұқымдарымен таныстық. Болашақта бұл тұқымдарды мектебіміздің алдына егуді жоспарлап отырмыз. Біз қорықтың аумағын зертттеумен қатар қазақтың жусан иісі аңқыған таудың етегінде серуендеп, рахаттанып қайттық.
Қандай сұлусың табиғатытым,
Ән-жырға толы сенің үнің.
Қымбат мен үшін әрбір гүлің,
Жырлаймын сені мәңгі, - дегендей табиғатты көзіміздің қарашығындай қорғау, алақанымызда аялау мәңгі парызымыз болып табылады. Бүгінгі табиғаттан алған ерекше әсерлеріміздің арқасында Ибрагимов Адиль , Қожайбердиева Әйгерім, Елубаева Сымбат сынды дарынды балалар жоба жазу жайлы шешім қабылдады. Осы аумақта өсетін Грейга қызғалдағын Солтүстікте орналасқан Павлодар қаласына интродукциялау әдісі арқылы зерттеу жұмысын жүргізу жобамыздың маңызды бөлігіне айналды. Таза болса табиғат,аман болса адамзат! Осындай табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасында көптеген ұлттық парктер мен қорықтар ашылуда. Біздер қорықтардың жұмысын жақсарту мақсатында келешекте әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып,ғылымды дамытқымыз келеді.Қорытындылай келе, бүгінгі күн жадыраған күндей өтіп,табиғатының әсемдігімен,таза ауасымен тамсандырды.Таулардан сылдырап аққан бұлақтың дауысы,арша орманының аңқыған иісі,тау шыңындағы қар біздің жүрегімізде өшпес із қалдырғандай. Қазақстанымыздың табиғаты жайнай берсін,бұлағы сылдырап,айналасының көгере бергенін қалаймыз.

0
0
737

Осы тақырып бойынша

«Тұған елге тағзым». Шымкент 8 күн - Yvision.kz