Батысқазақстандық жас жол сақшылары республикада үздіктер қатарында.
Батысқазақстандық жас жол сақшылары республикада үздіктер қатарында.
Батысқазақстандық жас жол сақшылары Шығыс Қазақстан облысында А.Матросов атындағы балалар сауықтыру лагерінде жуырда өткен Ғазиз Байтасов атындағы жас жол сақшыларының ХІV республикалық слетінен табыспен оралды.
БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Динара Абдулқалықованың айтуынша, аталмыш жарысқа барлығы 18, соның ішінде Ресей мен Тәжікстаннан бір-бір команда қатысып, күш сынасты. БҚО намысын қорғаған Зеленов ауданы Трекин ауылындағы қазақ орта мектебінің жас жол сақшылары командасы үздік бестіктің қатарына ілікті. Соның ішінде велосипед пен үгіт бригадасы жарысынан батысқазақстандықтар екінші орынды иеленді.
Қазіргі таңда өңірде барлық мектепте жас жол сақшылары қозғалысы бар, ал облыс орталығындағы білім ордалаларында 2-3 жасақтан құрылған.
Осындай алдын алу шараларының нәтижесінде биылғы бес айда облыста балалардың қатысымен болған жол-көлік оқиғасы 47,1, қаза тапқандар саны 33,3, жарақаттанғандар 55,0 пайызға азайып отыр.

