Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоштасар сәт

Әрбір нәрсенің соңы болады демекші біздің танымдық экспедициямыздың да соңғы күні келіп қалды. Бүгінгі күніміздің жоспары тым тығыз болды деп айта алмаймын,себебі, бүгінгіге тек кинотеатр мен кітапхана ғана жоспарланған болатын. Күніміз спецэффекттерге толы, қазіргі жастардың қызығушылықпен қарайтын, фантастика жанрындағы - «Трансформер» фильмінен басталды. Фильмнен жақсы әсер алып, біз Атырау қаласының облыстық кітапханасына аяқ бастық. Үш қабаттан тұратын кітапхана әр қабатында өзіндік ерекше бөлімшелері бар екен. Мысалы, көп кісі орнына саналған акт залы, Америка Құрама Штаттарының әдебиеті мен тарихи кітаптардан тұратын шағын бөлімше, өлкетану кітаптарына арналған оқу залы және т.б.

Білетініміздей, барлық кітапханалар адамдарға оларды қызықтыратын кез келген кітапты келіп оқып, адамның ой-өрісін кеңейтуге, жаңа пайдалы ақпарат қабылдауға өз септігін тигізеді. Атырау облыстық кітапханасы адамдардың қолданылуына тиімді тәсіл қолданады. Уақыт тапшылығы үшін кейбір бөлімшелерді толықтай тереңдетіп қарай алу мүмкіншілігіміз туған жоқ,дегенмен, кітапхананың кішігірім болса да, бөліктерін өарап шығу өте қызықты болды. Менің ойымша, қазіргі жаңа технологияның өрлеу заманында кітап оқу сирей бастады. Бірақ, Атырау облыстық кітапхана сияқты оқу үшін ыңғайлы орындардың бар болуы адамдарға білім алуға мотивация ретінде ықпал жасап отырады.

Он күндік сапарымыздың соңғы күніне орай Атырау қаласының «Назарбаев зияткерлік мектебі» ұжымы бізге арнап мерекелік кеш ұйымдастырды. Кешкі ас үстінде жергілікті оқушылар, мұғалімдер өз өнерлерін көрсетіп, көңілімзді көтеріп отырды. Кейін біз де кішігірім концерттік кешімізді сыйға тарттық.

Қас пен көздің арасында сапарымыздың он күні қалайша өтіп кеткенін байқамай да қалдық. Қазіргі уақытта ертенгі қайтар жолымызға дайындалу үстіндеміз. Жалпы, туған елге тағзым жобасына осы 10 күн үшін ризамыз және Атырау қаласын сағынамыз!

 
0
0
484

Осы тақырып бойынша

Қоштасар сәт - Yvision.kz