Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Илья Ильин Астанада қалың жұртқа өз шеберлiгiн көрсеттi

Илья Ильин

Екi дүркiн Олимпиада жеңiмпазы, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин бүгiн Астанада worldclass және «Астана» президенттiк кәсiби спорт клубы арасында меморандумға қол қою рәсiмiнен кейiн өткен кiшiгiрiм семинар барысында өз шеберлiгiмен бөлiстi.

Күні кеше Лондонда өткен әлем чемпионатында рекордтық салмақты көтеріп, дүйім жұртты асқан шеберлігімен тамсандырған Илья биыл да бабында.

Шеберлiк сыныбы барысында толағайымыз жаттығу үдерiсiнде қолданылатын бiрқатар әдiстердi көрсетiп бердi.

«Спортпен айналысыңыздар, жүгiрiп, бассейнге жазылсаңыздар да жаман емес. Әрбiрiмiз мықты болсақ, елiмiз де күштi болады», — дейдi чемпион.

Осыдан кейiн Илья Ильин жанкүйерлерiне өз қолтаңбасын таратып, естелiк фотоға түстi.

Еске сала кетейiк, Лондон Олимпиадасынан кейiн Илья бiлiм алу мақсатында жарыстарға қатыспай, бiраз уақытқа демалыс алған болатын. Келесi Олимпиада ойынында зiлтемiршi жаңа салмақта 105 келiде өнер көрсетудi жоспарлауда.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев

 
0
0
201

Осы тақырып бойынша

Илья Ильин Астанада қалың жұртқа өз шеберлiгiн көрсеттi - Yvision.kz