«Қайрат» — ойыншылар құрамы бойынша Премьер-Лигадағы ең қымбат команда
Transfermarkt. De сайтының деректеріне сәйкес, «Қайрат» командасындағы трансферлік баға 11 миллион 530 мың еуроны құраған. Ал ең төменгі трансферлік баға Семейдің «Спартагында» тіркелді — бары-жоғы 3 миллион 80 мың еуро.
Есесіне Қызылорданың «Қайсар» командасы ойыншыларының саны жөнінен бірінші орынға бір-ақ шықты. Қазір команда құрамында 30 футболшы өнер көрсетеді.
Ең аз ойыншы «Ақтөбеде» — 23 футболшы.
Жасы ең үлкен ойыншылар «Ақтөбе» мен «Ертісте» — 27,9 жас. Ал ойыншылары ең жас команда — Алматының «Қайраты» — 24,9 жас.
Ең көп легионерлер «Атырау» командасында тіркелді — барлығы 13 ойыншы. Ал ең азы «Тараз» бен «Жетісуда» — 7 ойыншыдан.
Футболдан ұлттық құрама команданың ең көп мүшесі «Ақтөбе» командасында ойнайды екен — барлығы 10 адам. Ең азы Семейдің «Спартагында» — бары-жоғы 1 адам.

