Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Александр Поветкин келесі жекпе-жегін биылғы қазанда өткізеді

Александр Поветкин
Аса ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Александр Поветкин өзінің келесі жекпе-жегін биылғы қазан айында өткізеді.

Бұл туралы промоутер Андрей Рябинскидің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ресейлік БАҚ хабарлады.

Алайда бұл осы жекпе-жектің  күні мен болашақ қарсыласы жайында нақты ақпарат жоқ. Айта кетейік, соңғы рет А. Поветкин биылғы мамырда 7 ай үзілістен кейін неміс боксшысы Мануэль Чаррмен жұдырықтасып,  қарсыласын нокаутпен ұтты.

Мәскеуде өткен жекпе-жек  жетінші раундта ресейліктің жеңісімен аяқталды. Ал осыған дейін, 2013 жылдың қазанында  Мәскеуде өткен кездесуде  Кличко Поветкинді төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңген болатын. Айта кетейік, сол жолы орыс боксшысы өз мансабында тұңғыш рет жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
 
0
0
235

Осы тақырып бойынша

Александр Поветкин келесі жекпе-жегін биылғы қазанда өткізеді - Yvision.kz