Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы соттылды

2014 жылғы қаңтарда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері құрылыс монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру барысында «Хайвилл» компаниясының объектісінде болған жазатайым оқиғаға байланысты тексерудің қортынысы бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін кәсіпорындардың бірінің өкілінен 150 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін Астана қаласы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары – Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Медетбековты қамауға алған болатын.

2014 жылғы 24 шілдеде Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Медетбековты пара алуға кінәлі деп тауып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.

0
0
537

Осы тақырып бойынша

Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы соттылды - Yvision.kz