Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа маусымда «Барыс» командасының сапынан Ибрайбековтi көруiмiз ықтимал

«Барыс» хоккей клубының бас бапкерi Андрей Назаров команданың Швейцарияның Сурси қаласында өтiп жатқан жаттығу жиындарының алғашқы кезеңiнен кейiн, хоккейшiлердiң еңбегiне көңiлi толатындығын айтуда, деп хабарлайды «Спорт Экспресс».

«Команда керемет еңбектенуде, ойыншылар жаттығудан соң бөлмелерiне әрең келедi, қазiргi кезеңде бұл жақсы олар үшiн, — деп атап өттi Назаров. — Таулы аймақтардағы дайындық әдiсi «Северстальда» жүргенiмде жасалған. Жергiлiктi жердiң шипалы ауасына сенемiз. Астанада 12 мың орындық заманауи жаңа стадионның шатыры салынып бiткендiгi туралы хабар команда үшiн допинг болды. Себебi бұл команданың 2015/2016 маусымда жаңа мұз айдынында ойнайтынын бiлдiредi. Бiз жаңалыққа қуаныштымыз».

Оның айтуынша, команда сапында ыждаһатты, өз еңбегiне адал хоккейшiлер жетерлiк. Тiптi көзге түскен жастар да бар.

«Кеше барлық командамен бiрге туған күнiн атап өткен Уппердiң ауыр-ауыр жаттығуларды кәсiби тұрғыда еңсерiп, шыдамдылық танытып жүргенi менi таңқалдырады. Сонымен қатар Полищук, Жайлауов және тағы басқалары да жақсы қырынан көрiнiп жүр. Жастар арасынан қорғаушы Ибрайбековтiң өнерi керемет, негiзгi құрамға iлiгуге сұранып тұр», — дедi ол.

Айта кетейiк, Мадияр Ибрайбеков «Барыс» клубының фарм-командасында өнер көрсетуде. Бұның алдында ол «Қазақмыс-95″ командасының капитаны және Қазақстанның жасөспiрiмдер құрамасының ойыншысы болған.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
215

Осы тақырып бойынша