Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Головкин HBO арнасымен жаңа келісімшартқа қол қойды

Головкин HBO арнасымен жаңа келісімшартқа қол қойды

WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин HBO телеарнасымен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады Allboxing.ru.

Бұл GGG-дің австалиялық Дэниэл Гилмен кездесуіне бір күн қалғанда жасалған екен.

«HBO-мен ынтымақтастығымыздың жалғасуын асыға күтудеміз»,- деген Том Леффлердің сөзін келтірді ЕSPN. – Олар Геннадийге қомақты қаржы бөлді, біздің ойымызша, HBO  оның маснабын жаңа деңгейге көтеретін үздік телеарналық әріптес «.

Келісімшартта  кем дегенде төрт жекпе-жек өткізу (Гилмен кездесуі бірінші болған) қарастырылған. Сонымен бірге  талаптарға сай кездесулер АҚШ-тан тыс және ақылы трансляция жүйесі (РРV) бойынша да өткізілуі мүмкін.  Атап өту керек, HBO-мен келісімшартта басты бәсекелесі Showtime ұсынатын боксшылармен жекпе-жекке шығуға шектеулер қойылады, деп хабарлайды Vesti.kz

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
172

Осы тақырып бойынша

Головкин HBO арнасымен жаңа келісімшартқа қол қойды - Yvision.kz