Қыдырәлі Болманов, продюсер: «Кез-келген жоба немесе бизнестегі басты мақсатым – ұлтыма пайда келтірер дүние жасау»

Қазақ эстрадасының әншісі, қазақ продюсерлігінің алғашқы қарлығашы – Қыдырәлі Болманов бағдарлама қонағы болып отыр. Ең алғашқы жобасы – өзі өнер көрсеткен «АБК» триосы. Және халықаралық сахналарды бағындырған ең сәтті дүниесі – «Ұлытау» этно-рок тобы. Әнші бүгінде өмірдегі әрі өнердегі серігі Қарақатпен бірге дуэт құрып, ел алдына шығып жүр. Сонымен қатар жас дарындарды баулитын мектептері де бар.
