Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан әлем чемпионы атанды
Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, деп хабарлады кәсіби панкратионнан Азия лигасының баспасөз қызметінен.
Бұл — халықаралық деңгейдегі 111 турнир. Онда Аssenov Fight нұсқасы бойынша әлем чемпионының тоғызыншы белбеуі үшін тартыс өтті.
Әлем чемпионаты жеңіл салмақ 62,5 + 1 кг дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.
Жарысқа түрлі жекпе-жек өкілдері қатысты (каратэ, бокс, ушу-саньда, дзюдо, еркін күрес және т.б). Қазақстан, Азия, Еуропа және әлемнің мықтылары бәсекелесті.
Үш түн ішінде әлемнің 8 үздік файтері бас жүлдеге таласты. Астаналық Қанат Досмағамбетов жеңіске қол жеткізді.

