Мазмұнға өту

Жаңа

Тәуелді ақпарат, үнсіз билік... Ресей қазақтың ұлтшылдығынан ғана именеді

Бүгінгі күні еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі қаншалықты дәрежеде қамтамасыз етілуде? Ресей Президенті Владимир Путиннің Селигердегі жастармен кездесуінен кейін осы сұрақтың өзектілігі артқандығы байқалады.
Біріншіден, Путиннің көрші мемлекеттердің тарихынан ештеңе білмейтіндігі таң қалдырады. Путин кәсіби тарихшы емес, оның өзге елдердің тарихын білуі міндетті де емес шығар. Алайда бұл орыс және шет тілдерінде Қазақ мемлекеттігіне қатысты ақпараттың аздығын немесе мардымсыздығын көрсетпейді ме? Біз өзіміз ақпаратты әлемнің әртүрлі бөлігінен алу мүмкіндігіне иеміз. Ал біз туралы толыққанды ақпараттың бар жоғына осы уақытқа дейін назар аудармай келе жатыр екенбіз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
415

Ресейдің 15 телеарнасына тыйым салынды

alt
Ресейдің 15 телеарнасы Украина аумағында көрсетілмейтін болды. Елдің телевидение және радио хабарларын тарату ұлттық кеңесі тыйым салынған арналар тізімін өз сайтында жариялады.
Қара тізімге енген арналар арасында Ресейдің "Бірінші арнасы", "РТР-Планета", "НТВ-Мир", "Россия-24", "Рен ТВ", "РБК", "Russia Today" тіпті, "История" телеарнасы да бар.
ОБСЕ ұйымының БАҚ бостандығы бойынша, өкілі Дунья Миятович трансляцияларға тыйым салу, сөз бостандығына қарсы шығу деп атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық қауіпсіздік мәселесі, БАҚ бостандығына кері әсер етпеуі тиіс. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
347

Қаламы қаржы тапқандар

alt
Forbes журналы әлемдегі табысы ең көп жазушылардың тізімін жариялады.
Рейтингте бірінші орында детектив жанрындағы романдар авторы америкалық Джеймс Паттерсон, ол соңғы 12 айдың ішінде 90 млн. доллар табыс тапқан.
Екінші орында, америкалық - Дэн Браун. Ол өткен жылы 28 млн. доллар тапқан. Оның соңғы «Инферно» атты кітабы АҚШ-та 1,4 млн. тиражбен тарады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, осы роман желісінде кино түсіріледі.
Үшінші орында да америкалық жазушы Нора Робертс. Ол көбіне лирикалық, детектив жанрында жазады. Оның кірісі 23 млн. доллар. Төртінші орында да махаббат тақырыбында жазатын Даниэлла Стилл, оның табысы 22 млн. доллар болса, үздік бестікке америка жазушысы Джанет Иванович кірген, оның табысы 20 млн. долларға бағаланған - ҚазАқпарат. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
349

Қазақ тілі банкке неге бас сұға алмайды?

Оралдық банкирлер қазақ тілінде әдейі қызмет көрсетпейді деп айыпталды. Ұлттық банктің Батыс Қазақстан облыстық филиалы жергілікті банк қызметкерлеріне қазақ тіліне бейжай қарап, мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін жиналыс ашты. Бұл туралы "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды. Қазақ тіліне байланысты жиналысқа жергілікті "Орал өңірі" газетінің журналисі жасаған тәжірибе түрткі болған. Ол қаладағы банктердің барлығына барып көріп, көпшілік қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлемейтінін жазыпты. Одан бөлек, "Халық банк" пен "Каспи банктің" операциялар орындалатын залында электронды кезекке тұрудағы талон мен банкоматтағы түбіртектер орыс тілінде басылатыны көрсетілген. Осыдан соң, Ұлттық банктің Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Ғалия Сатыбалдина…

0
0
425

«Қазақстан» — тұңғыштар арасында

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы отандық теледидар тарихында ізашар ретінде қалмақ. Қазақстандық теледидар тарихында тұңғыш рет бір мезгілде екі телеарна мен екі радио трансляцияны тікелей эфирге шығарды. «Қазақстан» және «КAZsport» телеарналары, Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы 9 қыркүйек күні ЕУРО-2016 додасының Қазақстан мен Латвия арасындағы іріктеу ойының трансляциялады. «КAZsport» бұған дейін де жоғары деңгейдегі турнирлерді көрсету тәжірибесін иемденді. 2012 жылы Польша мен Украина жерлерінен финалдық додадан, ал үстіміздегі жылдың жазында Бразилиядағы футболдан Әлем чемпионатынан тікелей эфир ұйымдастырды. ЕУРО-2016 ойындарын трансляциялау – отандық футбол үшін тарихи оқиға. «Бұрындары сыртағы ойындарымызды теледидардан көре алмай келген көрермендер енді бас командамыздың барлы…

0
0
1163

ҚР Президентінің сыйлығы үшін V Халықтық спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті

ҚР Президентінің сыйлығы үшін V Халықтық спорт ойындарының олимпиада алауын Өскеменде Қазақ КСР Еңбегі сіңген бапкері Юрий Тархов жағып «Қазақстан Барысы — 2014» атағының иегері Мұхит Тұрсыновқа тапсырды. Қатысушыларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов құттықтады. «Спортпен неғұрлым көп шұғылдансақ, еліміз соғұрлым мықты болады. 30 ең дамыған елдің қатарына тезірек енеміз, — деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев. ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Мәдениет және спорт министрлігі атынан шығысқазақстандықтар мен жарысқа қатысушыларды ірі спорттық шараның ашылуымен құттықтады. «Елімізде Президенттің қолдауымен спорттың дамуына жағдайлар жасалуда. Елбасы Жолдауын іс жүзінде…

0
0
305

Алматыда «Отбасы күніне» арналған велошеру өтеді

12 қыркүйек күні Алматыда «Отбасы күні» мен «Тур Алматы — 2014» кәсіби веложарысын қолдау аясында вело¬шеру өтеді, деп хабарлады almaty-akshamy.kz

Велошеруге қатысушылар кеш¬кі сағат 20.30-да әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында жиналып, 21.00-де қозғалысты бастайды. Мәре сызығы ҚР Тұңғыш Прези¬денті атындағы саябаығнда аяқта¬лады. Велошеруге қатысушыларға жарыс аяқталған соң түрлі сыйлық үлестіріледі.

Ескерту: сол күні сағат 20.30-дан 21.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының бойы — Тәттімбет көшесінен бастап, Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
623

Теннисші Рафаэль Надаль ҚР Президентінің шақыруымен Қазақстанға келеді

Қыркүйектің 24-25 күндері әлемдік теннис жұлдызы Рафаэль Надаль тұңғыш рет Астанаға келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев мәлімдеді. «Қазақстан теннис федерациясына ҚР Президенті Н. Назарбаев осыдан бір жыл бұрын Р. Надальді елге шақырып, теннистің дамуына үлес қосар шаралар ұйымдастыруға тапсырма берген болатын. Сондықтан біз жыл бойы осы жұмыспен айналысып, ақыры атақты спортшы елімізге келетін болды. Әрине Роджер Федерер мен Рафаэль Надальді көптеген елдер көркемдік матчтарын немесе шеберлік сабақтарын өткізуге шақырады. Алайда жұмыс кестелерінің тығыздығына байланысты олар барлық шақыртуларға бара алмайды. Ал Р.Надальдің біздің елімізге келуге келісімін беруі көп нәрсені білдіреді,…

0
0
299

«Astana Arlans» боксшылары «Cuba Domadoresті» ұтты

Астанада өтіп жатқан «Чемпиондар сайысының» екінші күнінде «Astana Arlans» клубы «Cuba Domadoresті» 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлады Sports.kz.

Нақтырақ айтқанда, Мирас Жақыпов (52 келі) Йосвани Вейтианы 3:0 есебімен жеңсе, Роман Щегринов (60 кг) Ласаро Альварес Эстрадеге жол берді — 0:3, Мадияр Ашкеев (69 келі) Рониель Иглесиас Сотолонгоны тізе бүктіріп (2:1) «арландарды» қайтадан қайта шығарып еді, келесі болып шаршы алаңға көтерілген Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Крусқа есе жіберіп алды, есеп: 0:3, ал соңғы жекпе-жекте Филип Хргович (91 кг) Йоанди Тойрак Ортегуді нокаутпен жеңді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
144

Головкин Мэйвезермен рингте кездесіп үлгере ме?

Мэйвезер келесі жекпе-жекте аргентиналық Маркос Майданамен кездеседі. Америкалық айтқандай, карьерасының соңына дейін ол үш рет рингке шығады. Соның бірі 13 қыркүйекте болатын Майданаға қарсы кездесуі, деп хабарлады Daily Mail. Бұл кездесулердің арасында орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуы екіталай. «2015 жылы мамыр және қыркүйек айларында екі кездесу өткіземін. Сәйкесінше, спорттағы мансабым бір жылдан соң аяқталады», — деп атап өтті чемпион. Болашақта ол өз промоутерлік Mayweather Promotions компаниясын дамытумен айналыспақ. Бес салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы кіші Флойд Мэйвезер әлемдегі табысы жоғары спортшылардың бірі. Ағымдағы жылдың мамырында Маркос Майданаға қарсы шыққан жекпе-жегінде ол кем дегенде 32 миллион доллар, Майдана — 1,5…

0
0
238