Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қазақстан» — тұңғыштар арасында

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы отандық теледидар тарихында ізашар ретінде қалмақ.

Қазақстандық теледидар тарихында тұңғыш рет бір мезгілде екі телеарна мен екі радио трансляцияны тікелей эфирге шығарды.

«Қазақстан» және «КAZsport» телеарналары, Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы 9 қыркүйек күні ЕУРО-2016 додасының Қазақстан мен Латвия арасындағы іріктеу ойының трансляциялады.

«КAZsport» бұған дейін де жоғары деңгейдегі турнирлерді көрсету тәжірибесін иемденді. 2012 жылы Польша мен Украина жерлерінен финалдық додадан, ал үстіміздегі жылдың жазында Бразилиядағы футболдан Әлем чемпионатынан тікелей эфир ұйымдастырды.

ЕУРО-2016 ойындарын трансляциялау – отандық футбол үшін тарихи оқиға.

 

«Бұрындары сыртағы ойындарымызды теледидардан көре алмай келген көрермендер енді бас командамыздың барлық матчтарын тамашалау мүмкіндігіне ие болып отыр»

Футбол федерациясының Бас хатшысы Аллен Шәйжүнісов

 

«Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары 43 шақырымдық «Алтын тұлпар» республикалық аламан бәйгесін көрсетеді. Бұл үшін 7 жылжымалы телестанция мен ғарыштық байланыс станциялары тартылған. Қазақстан телевизиясының тарихында бұрын-соңды мұндай көп телетехника бір мезгілде бір оқиға болып жатқан жерде шоғырланып, техникалық қызмет көрсетілмеген. Аталмыш оқиға әлемге танымал Тур де Франс вело жарысына ұқсас үлгіде түсіріледі.

Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан әрқайсысы 10 аттан, барлығы 160 тұлпар қатыстырылады.

Дәстүрлі аламан бәйгесі жарысын өткізу арқылы ұйымдастырушылар еліміздегі ұлттық ат спортына қызығушылықты арттырып, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, ұлтжандылыққа үйретуді, сонымен қатар, дәстүрлі ат бәйгесі ұлттық спорт түрінің деңгейін көтеру, мәдениетін жетілдіру, бұқаралық көпшілік спортқа айналдыруды көздейді.

Турнир 14 қыркүйек күні Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Қабанбай елді мекенінің маңында өтеді.

 

0
0
1150

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан» — тұңғыштар арасында - Yvision.kz