Алматыда «Отбасы күніне» арналған велошеру өтеді
12 қыркүйек күні Алматыда «Отбасы күні» мен «Тур Алматы — 2014» кәсіби веложарысын қолдау аясында вело¬шеру өтеді, деп хабарлады almaty-akshamy.kz
Велошеруге қатысушылар кеш¬кі сағат 20.30-да әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында жиналып, 21.00-де қозғалысты бастайды. Мәре сызығы ҚР Тұңғыш Прези¬денті атындағы саябаығнда аяқта¬лады. Велошеруге қатысушыларға жарыс аяқталған соң түрлі сыйлық үлестіріледі.
Ескерту: сол күні сағат 20.30-дан 21.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының бойы — Тәттімбет көшесінен бастап, Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
АСТАНА. ҚазАқпарат

