«Astana Arlans» боксшылары «Cuba Domadoresті» ұтты
Астанада өтіп жатқан «Чемпиондар сайысының» екінші күнінде «Astana Arlans» клубы «Cuba Domadoresті» 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлады Sports.kz.
Нақтырақ айтқанда, Мирас Жақыпов (52 келі) Йосвани Вейтианы 3:0 есебімен жеңсе, Роман Щегринов (60 кг) Ласаро Альварес Эстрадеге жол берді — 0:3, Мадияр Ашкеев (69 келі) Рониель Иглесиас Сотолонгоны тізе бүктіріп (2:1) «арландарды» қайтадан қайта шығарып еді, келесі болып шаршы алаңға көтерілген Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Крусқа есе жіберіп алды, есеп: 0:3, ал соңғы жекпе-жекте Филип Хргович (91 кг) Йоанди Тойрак Ортегуді нокаутпен жеңді.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

