Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ тілі банкке неге бас сұға алмайды?

alt
Оралдық банкирлер қазақ тілінде әдейі қызмет көрсетпейді деп айыпталды. Ұлттық банктің Батыс Қазақстан облыстық филиалы жергілікті банк қызметкерлеріне қазақ тіліне бейжай қарап, мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін жиналыс ашты.
Бұл туралы "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды. Қазақ тіліне байланысты жиналысқа жергілікті "Орал өңірі" газетінің журналисі жасаған тәжірибе түрткі болған. Ол қаладағы банктердің барлығына барып көріп, көпшілік қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлемейтінін жазыпты. Одан бөлек, "Халық банк" пен "Каспи банктің" операциялар орындалатын залында электронды кезекке тұрудағы талон мен банкоматтағы түбіртектер орыс тілінде басылатыны көрсетілген. Осыдан соң, Ұлттық банктің Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Ғалия Сатыбалдина жиналыс ашып, банк қызметкерлерін қазақ тіліне құрмет көрсетуге шақырды. "Мен сіздерді аталған сыннан қорытынды шығаруға шақырамын. Сіздердің клиенттеріңіздің арасында тек қазақ тілінде сөйлейтін азаматтар өте көп. Мұндай түріңізбен олардан айырылып қалуларыңыз мүмкін", - дейді Ғалия Сатыбалдина. Банк қызметкерлері болса, жақын арада толығымен қазақ тілінде қызмет көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Тек көптеген кәсіби терминдерді қазақшалау қиындық тудырады екен. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
416

Осы тақырып бойынша

Қазақ тілі банкке неге бас сұға алмайды? - Yvision.kz