Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Президентінің сыйлығы үшін V Халықтық спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті

ҚР Президентінің сыйлығы үшін V Халықтық спорт ойындарының олимпиада алауын Өскеменде Қазақ КСР Еңбегі сіңген бапкері Юрий Тархов жағып  «Қазақстан Барысы — 2014» атағының иегері Мұхит Тұрсыновқа тапсырды.

Қатысушыларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов құттықтады.

«Спортпен неғұрлым көп шұғылдансақ, еліміз соғұрлым мықты болады. 30 ең дамыған елдің қатарына тезірек енеміз, — деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары  Елсияр Қанағатов Мәдениет және спорт министрлігі атынан шығысқазақстандықтар мен жарысқа қатысушыларды ірі спорттық шараның ашылуымен құттықтады. «Елімізде Президенттің қолдауымен спорттың дамуына жағдайлар жасалуда.  Елбасы Жолдауын іс жүзінде жүзеге асыру үшін  тұрғындардың 30% спортпен шұғылдануы тиіс. ШҚО — жүргізілетін саясатының арқасында спортық облыстардың бірі.   Мұнда бірнеше рет ел деңгейіндегі жарыстар өтті, — деді Елсияр Қанағатов ШҚО әкімі Б. Сапарбаевқа «ҚР спорт пен дене шынықтырудың дамуына қосқан үлесі үшін» құрмет белгісін ұсынып.

Ойындар қазақстандық эстрада жұлдыздары мен ШҚО әкімдігінің футбол құрамалары арасындағы жолдастық кездесуден басталды. Қақпаның кілтін ШҚО құрамасы ашты. Алайда ойыншылардың мүмкіндігі бірдей болып шықты.   Ары қарай концерт өтті.

Еске сала кетейік, биылғы 4 жылда бір рет өтетін жарысқа Қазақстанның 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан 1600 спортшы мен өкіл келді.  Жарыстар спорттың 9 түрі бойынша өтеді: волейбол (ерлер және әйелдер арасында), шағын футбол, қазақ күресі, тоғыз кұмалақ, асық ату, гір спорты, армрестлинг, үстел теннисі, жазғы Президенттік көпсайыс.

Ойындардың жабылу салтанаты «Восток» стадионында 14 қыркүйекте сағат 17.00-де өтеді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат
 
0
0
295

Осы тақырып бойынша