Директорлар кеңесі «Даму» Қорының қызмет нәтижелерін қарастырды
«Даму» Қорының Директорлар кеңесі «Даму» Қорының қызмет нәтижелері туралы ақпаратты қарастырды. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық саясатының бірінші кезектегі шараларының Жол картасы шегінде өңдеу өнеркәсібі саласында шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қолдау көрсету үшін «Даму» Қоры арқылы екінші деңгей банктерінде ҚР Ұлттық Қорының 100 млрд. теңге мөлшерінде қаражаттары орналастырылды. Қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібі саласында Ұлттық Қордың қаражаттары есебінен ШОК қаржыландыру бағдарламасы бойынша 85,9 млрд. теңге сомасында 403 жоба мақұлданды, 70 млрд. теңге сомасында 329 жоба қаржыландырылды. Биылғы жылы Қор (ВВВ+) тәуелсіздік деңгейінде несие рейтингін алды, бұл шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қаржыландыру үшін…
