Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Директорлар кеңесі «Даму» Қорының қызмет нәтижелерін қарастырды



«Даму» Қорының Директорлар кеңесі «Даму» Қорының қызмет нәтижелері туралы ақпаратты қарастырды. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық саясатының бірінші кезектегі шараларының Жол картасы шегінде өңдеу өнеркәсібі саласында шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қолдау көрсету үшін «Даму» Қоры арқылы екінші деңгей банктерінде ҚР Ұлттық Қорының 100 млрд. теңге мөлшерінде қаражаттары орналастырылды. Қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібі саласында Ұлттық Қордың қаражаттары есебінен ШОК қаржыландыру бағдарламасы бойынша 85,9 млрд. теңге сомасында 403 жоба мақұлданды, 70 млрд. теңге сомасында 329 жоба қаржыландырылды.
Биылғы жылы Қор (ВВВ+) тәуелсіздік деңгейінде несие рейтингін алды, бұл шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қаржыландыру үшін қаражат көздерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы «Даму» Қоры республиканың шағын қалалары мен аудан орталықтарында 161 Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарын ашу бойынша ауқымды жұмыс атқарды.
Жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында Жас кәсіпкердің мектептері ашылды.
Қор VII Астаналық экономикалық форумның шегінде «G-Global» жобасында ең белсенді пайдаланушылар арасында екінші орын алды, сондай-ақ «Бәсекелес экономикадағы бәсекелес кәсіпорындар» кәсіпкерлік бойынша панельдік сессиясын өткізді.
«Даму» Қоры несиелерге кепілдік беру және сыйақылардың мөлшерлерін қаражаттандырудың қаржы агенті, сондай-ақ «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» 4-ші бағыт бойынша оператор ретінде әрекет ете отырып, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының негізгі атқарушысы болып табылатындығы мәлім.
2014 жылдың бірінші жарты жылдығы үшін сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру құралы бойынша 86,2 млрд. теңге несиелердің жалпы сомасында кәсіпкерлермен 610 қаржыландыру шарттарына қол қойылған, көмекқаржы сомасы 12,8 млрд. теңгені құрады.
Несиелерге кепілдік беру құралы бойынша кәсіпкерлермен несиелердің жалпы сомасы 3,3 млрд. теңгеге 113 кепілдік шарттарына қол қойылды, кепілдеме сомасы 1,3 млрд. теңгені құрады.
Қор салалық шектеулерсіз жас кәсіпкерлер үшін кепілдемелер беруге мүмкіндік беретін «БЖК-2020» бағдарламасына өзгертулер енгізуді қамтамасыз етті.
«Даму» Қорының Директорлар кеңесі «Даму» Қорының Несие комитеті туралы Ережені бекіткенін атап өткен жөн.Несие комитетін құру «БЖК-2020» бағдарламасының шегінде 60 млн. теңгеге дейін несие сомасымен жобалар үшін кепілдемелер беру бойынша шешімдерді қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Даму» Қорының Директорлар кеңесімен қауіп-қатерлерді сәйкестендіру бойынша есеп қарастырылды, Операциялық және құқықтық тәуекелдер үшін риск-аппетит әдістемесі, үш жылдық мерзімге ІАҚ стратегиялық жоспарын жасау Әдістемесі бекітілді.

http://www.damu.kz/16919

0
0
266

Осы тақырып бойынша

Директорлар кеңесі «Даму» Қорының қызмет нәтижелерін қарастырды - Yvision.kz